Су тасқыны. БҚО-да зардап шеккен 9671 отбасы әлеуметтік көмек алды

29 Мамыр 2024, 20:52
270
Бөлісу:
Су тасқыны. БҚО-да зардап шеккен 9671 отбасы әлеуметтік көмек алды
Фото: BAQ.KZ

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек беру жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқынынан зардап шеккен 9671 отбасыға 3 млрд 570 млн теңге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілді.

Қазіргі уақытта тұрғындарға 150 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі әлеуметтік төлемдерді беру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 1 мыңға жуық отбасы аталған әлеуметтік көмекті алды.

Су тасқынынан зардап шеккен 5 ауданның тұрғындары үшін 401 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Тиісті мердігер компаниялар анықталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Тұрғын үйлері жарамсыз болған 3 аудан бойынша үй сатып алуға 79 өтініш түскен. Бүгінгі күнге дейін аталған аудандар бойынша 567 млн теңгеге 27 үй сатып алынды. Сатып алу жұмыстары жалғасады. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы аяқталуын да тікелей бақылауда ұстап отырмыз, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Бұдан бөлек, Орал қаласындағы саяжай тұрғындары тарапынан туындайтын құқықтық мәселелер бойынша арнайы жедел топ жұмыс істеуде.

Қазір саяжайлардағы шығындарды есептеу жөніндегі комиссия штаттық режимде жұмыс істеп, бағалау жұмыстарын жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы