Қазақстан мен Нидерланд мамандар даярлау жөнінде меморандумдарға қол қойды

29 Мамыр 2024, 18:33
347
Бөлісу:
Қазақстан мен Нидерланд мамандар даярлау жөнінде меморандумдарға қол қойды
PHOTO
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерланд Корольдігі екіжақты меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжаттарға қол қою рәсіміне ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, бірінші вице-министр Болат Бекнияз және Нидерланд мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николаас Схермерс қатысты.

Қазақстан мен Нидерланд мамандар даярлау жөнінде меморандумдарға қол қойды



Алғашқы құжат - Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерланд Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Құжат су шаруашылығы құрылыстарын салу және пайдалану, су тасқынын болжау және су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау мәселелерінде ынтымақтастықты көздейді. Келісім тасқын суын реттеу мен пайдалануда тәжірибе алмасу, сондай-ақ өзен ағындарын басқару бөлігінде Нидерландының тәжірибесін зерттеуді көздейді.

Дельфт су білімі институтымен (IHE Delft) қол қойылған екінші меморандумда су саласының мамандарын даярлау, су саласында ғылым мен инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл қарастырылған. 
 

Қазақстан мен Нидерланд мамандар даярлау жөнінде меморандумдарға қол қойды

Бүгінгі кездесу - біздің Нидерланд мемлекетімен қарым-қатынасымыздың маңызды кезеңі. Ынтымақтастығымыз ауқымды және перспективалы жобаларды іске асыруға көмектесетініне, ал тәжірибе мен технология алмасу отандық су саласының әлеуетін ашуға мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазақстан мен Нидерланд мамандар даярлау жөнінде меморандумдарға қол қойды
Өзгелердің жаңалығы