"Күн-түн демей жұмыс істеңіздер": Марат Ахметжанов "Жайлы мектепке" қатысты тапсырма берді

29 Мамыр 2024, 22:25
340
Бөлісу:
"Күн-түн демей жұмыс істеңіздер": Марат Ахметжанов "Жайлы мектепке" қатысты тапсырма берді
Фото: BAQ.KZ архив

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетауда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан 1500 орындық екі мектептің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір басшысы облыс орталығындағы жайлы мектептердің құрылысымен танысу кезінде бірқатар тапсырма да берді.

Ауа райының мүмкіндігіне қарай күндіз-түні жұмыс істеу керек, жұмыс қарқынын жеделдету қажет. Биыл балалар жаңа мектептерде білім алулары тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 2025 жылға дейін 22 мыңнан астам оқушыны қамтитын 18 білім беру нысанын салу жоспарланған.

Әкімдіктің есебі бойынша, 2023-2024 жылдары Целиноград ауданында және Көкшетау қаласында 12 200 орындық 9 мектеп салу жоспарланып отыр. 

Ал 2024-2025 жылдары 10 400 орындық 9 мектеп Аршалы, Бурабай, Целиноград және Шортанды аудандарында, Қосшы және Көкшетау қалаларында бой көтереді.

Өзгелердің жаңалығы