Все новости за 29 сәуір 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Абай облысында алаяқ тұрғынның атына 9,5 млн теңге несие рәсімдеген
Абай облысында алаяқтар AnyDesk қосымшасы арқылы тұрғынның атына 9,5 млн теңге несие рәсімдеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қарағанды облысында жаппай көктемгі ағаш отырғызу басталды
Қарағандыда Орталық саябақта облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы пайда болды. Жасыл сенбілікке қоғам белсенділері қатысты. Қалада осы көктемде 2000-ға жуық ағаш отырғызылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
Былтыр ауыл шаруашылығында АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде 36 млрд теңгеге 9 ірі инвестициялық жоба іске асырылған. Олардың қатарында қайта өңдеу, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы сынды бағыттардағы бастамалар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістанда жаз басталмай 13 адам суға батып кетті
Түркістан облысында жыл басынан бері 13 адам суға кеткен, оның 9-ы балалар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауыл мектептері үшін жалпы пәндер бойынша олимпиада әзірленеді
Жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарына барып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушы «Абай жолы» романы бойынша үстел ойынын жасап шықты
Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Томирис Бақыт Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде үстел ойынын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
-
«Шындыққа жанаспайды!». Президент тапсырмасын орындауға не кедергі
Бүгін Қостанайда Парламент Сенатының «Қаржы және бюджет» комитетінің көшпелі отырысы өтті. Жиында кәсіпкерлердің ауылдық жердегі тұрғын үй құрылысы бойынша өзекті мәселелері талқыға түсті деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.
-
Ақтөбе облысында 18 ұлттың өкілі тұратын ауыл бар
Ақтөбе облысында 18 ұлттың өкілі тұратын шағын ауыл бар, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанай облысындағы отырыста өңірлердің инвестициялық ахуалы талқыланды
Сенаттың Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің депутаттары Қостанай облысында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сырқатынан жазылған Ердоған жұрт алдына шықты
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сырқаттанып қалғаннан кейін алғаш рет жұрт алдына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu басылымына сілтеме жасап.
-
Елордадағы Жеңіс даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жеңіс даңғылында орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр
-
Киносыншылар қауымдастығы үздік қазақ фильмдерін атады
Қазақстан киносыншылары қауымдастығы жыл сайынғы қазақ киносындағы «Сыншылар таңдауы 2023» жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордалық полицейлер іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтады
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Астана қаласының полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Энергетика министрлігі тауарлық газдың шекті көтерме бағасын белгілейді
ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында азық-түлік бағасы өсті ме?
Ақтөбе облысында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының индексі 2,7 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушылар арасында қаржылық қауіпсіздік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
29 сәуірінде ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі «Тұран» университетімен бірлесіп оқушылар арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша І-ші республикалық олимпиадасының жеңмпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды
Астанада пара дзюдодан Азия чемпионатының жекелей сайыстары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шетелдегі және еліміздегі PR мәселелері талқыланды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы «Шетелдегі және Қазақстандағы PR: өзекті мәселелер және даму аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мәулен Әшімбаев шахматтан әлем чемпионы үшін сайыстың шешуші партиясына қатысты
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өткен матчтың 14-ші шешуші партиясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскердегі қазақтілді кәріс баласы
Қазақ даласын сонау ашаршылықта пана тұтып, бауыр басқан өзге этнос өкілдері жетірлік. Соның бірі – Сон әулеті.
-
Астанада өткен сенбілікке 62 мыңнан астам адам қатысты
Бүгін Астанада үлкен жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз мектептерінде ата-аналар академиясы жұмысын бастайды
ҚР Оқу-ағарту министрі Қызылорда облысы Қазалы ауданының ата-аналары және жұртшылықпен кездесуінде мектептерде ата-аналар академиясы жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда 65 мыңға жуық адам сенбілікке шықты
Павлодар жұртшылығы бүгін жаппай сенбілікке шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елдегі банктердің кірісі бір жылда 42 пайызға өсті
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың бірінші тоқсанында табыс салығын төлегеннен кейінгі ағымдағы кірістердің шығыстардан жалпы асуы 509,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері сенбілікке қатысты
Қайратыңды әдісіңе жолдас етАстанада еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.Үркер шағын ауданында әскери қызметшілер үй маңындағы учаскелерде, балалардың ойын және спорт алаңдарында тазалық жүргізді.Құрал-саймандарымен қорғ
-
Елордалық полицейлер саптық байқау өткізді
Елордалық полиция департаментінің жеке құрамын жазғы киім нысанына көшіру, олардың үлгілі сыртқы киім келбетін қалыптастыру, саптық дағдыларды жетілдіру мақсатында «саптық байқау» өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада асық атудан ел біріншілігі өтіп жатыр
Қызылордада асық атудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы «Jibek Joly» телеарнасына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің құрамына кіретін «Jibek Joly» телеарнасының жаңа аппараттық-студиялық кешенін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бас прокуратура «Өзенмұнайгаз» АҚ тендерлерінің заңдылығын тексереді
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына орталық аппараттың неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері қатарынан құрылған жұмыс тобы келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанайдағы Новонежинка тұрғындарының басын қатырған қоқыс полигоны
Алақандай ауыл шетіндегі жылдар бойы қараусыз жатқан қоқыс полигоны қазір лық толы. Сорақылығы соншалықты арнайы қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орынға бөлінген жердің шекарасынан асып кеткендіктен, қазір Новонежинка өзі қоқыстың арасында қалу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанай өңіріндегі тілшісі.
-
Пара дзюдошы Альфия Тілекқабыл Азия чемпионатында топ жарды
Пара дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті.
-
Астананың Сарыарқа ауданында 12,5 мың адам сенбілікке шықты
Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Сарыарқа ауданындағы саябақтар мен скверлерді жинауға 12,5 мыңға жуық тұрғын шығып, 600 ағаш отырғызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
-
Балқашта 15 жасар жеткіншек әкесінің көлігімен адам қақты
Оқиға Балқаш қаласында 26 сәуірде түнгі 12:00 шамасында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлихан Смайылов «Жасыл Астана» жалпықалалық сенбілікке қатысты
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет Аппаратының қызметкерлерімен бірге «Жасыл Астана» жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екібастұзда өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды
Екібастұзда өрт кесірінен объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Армения вице-премьерлері ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
Ереванда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Арменияның вице-премьері Мгер Григорянның төрағалығымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда дәстүрлі садақ атудан «Алтын Орда» халықаралық турнирі аяқталды
Атырау қаласында алғаш рет өткен дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» халықаралық турнирі қорытындыланды , деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елена Рыбакинаның жұптық сындағы қарсыласы анықталды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның жұптық сында Мадрид ATP 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада 1000-нан астам адам қайырымдылық жүгіруге қатысты
Елордадағы Триатлон паркінде тұңғыш рет «Run for autism» қайырымдылық жүгіру жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пара дзюдодан Азия Чемпионатының екінші күнінде жарысатын спортшылар
Пара дзюдодан Азия Чемпионатының екінші күнінде жарыс жолына шығатын қазақстандықтар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада ДСМ мен Швеция елшілігінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз бойынша коронавирус жұқтырған 62 адам тіркелді
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлихан Смайылов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да 93 мыңнан астам бала жазғы лагерьге барады
Шығыс Қазақстан облысында 93 мыңнан астам бала жазғы лагерьге барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкіметте ҚР азық-түлік қауіпсіздігін нығайту шаралары талқыланды
Үкіметте климаттың өзгеруіне бейімделу және ауыл шаруашылығын дамыту шаралары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық каратэшілер Испанияда 2 медаль жеңіп алды
Испанияның Ла-Корунья қаласында өтіп жатқан WKF каратэден халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Бүгін «Нұрлы жол» вокзалы маңында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
5G іске қосылса, тарифі қалай болады? Министр жауабы
Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G интернет желісі орнатылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Жедел желі" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы әуежайында мас төрт шетелдік рейстен түсірілді
Олар өздерін дөрекі ұстаған, балағат сөздер айтып, ортақ пайдаланылатын орынды ластаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елена Рыбакина WTA турнирінде жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турнирінің жеке сынында бастапқы айналымынан өте алмады, ол әлемдік рейтингтің 60-шы позициясында тұрған ресейлік Анна Калинскаяға жол берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті
Оқиға 27 сәуір күні Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылында болған. Бұл туралы BAQ.KZ @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
-
Жыл басынан бері бюджетке 5,7 трлн теңге салық түсті
2023 жылғы І тоқсанда шоғырландырылған бюджет салық түсімдері бойынша 5 667,3 млрд теңгеге толықты, бұл – өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4% немесе 998,0 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды BAQ.KZ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан СІМ басшысы Қытай елшісімен кездесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бас прокуратура Күдебаев ісіне қатысты тың деректер жариялады
Бас прокуратураның баспасөз қызметі 10 жылға бас бостандығынан айырылған Серік Күдебаевқа қатысты тың деректер жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх