Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

29 Сәуір 2023, 12:24
1899
Бөлісу:
Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.

– Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, волонтерлерге алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

Сонымен қатар Президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек, атап айтқанда түрлі ағаш көшеттері мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекет басшысы қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтіп, елорданы абаттандыру ісіне баса назар аударатынын айтты. Сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.

Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

 

Өзгелердің жаңалығы