Астанада 1000-нан астам адам қайырымдылық жүгіруге қатысты

29 Сәуір 2023, 11:03
1450
Бөлісу:
Астанада 1000-нан астам адам қайырымдылық жүгіруге қатысты
Фото: work.ua

Елордадағы Триатлон паркінде тұңғыш рет «Run for autism» қайырымдылық жүгіру жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қатысу құны жүгіру қашықтығына байланысты 4 990 теңгеден 7 990 теңгеге дейінгі аралықты құраған жарысқа 1100 адам тіркелді. Жиналған 6 млн теңгеден астам қаражат «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы шегінде аутизм бар және басқа да менталдық бұзылушылықтары бар балаларға арналған инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталады.

Бұл жүгіріс арқылы біз аутизмі бар ересектер мен балалардың мәселелеріне барынша көп халықтың назарын аударғымыз келеді. Қайырымдылық жүгіруге көп адам тіркелгеніне қуаныштымыз, бірінші жүгіріс үшін бұл өте жақсы көрсеткіш, - деді «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Ал жүгіріске Алматыдан келген аутизмі бар Мәдидің ата-анасы жүгірістің басқа ерекше балалардың ата-аналармен танысуға мүмкіндік екенін айтады.

Жүгіріс ата-аналарды балаларын спортқа баулуға, салауатты өмір салтына ұмтылуға ынталандырады. Сонымен қатар бұл басқа ерекше балалардың ата-аналарымен кездесу алаңы: біз бір-бірімізбен танысамыз, балаларымыз бір-бірімен танысады. Бұл біздің өміріміздегі екінші марафон, бір апта бұрын Мәди Алматыда марафонға қатысқан, - деді Мәдидің анасы Ақжан Шалабаева.

Өзгелердің жаңалығы