Мемлекет басшысы «Jibek Joly» телеарнасына барды

29 Сәуір 2023, 15:00
1026
Бөлісу:
Мемлекет басшысы «Jibek Joly» телеарнасына барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің құрамына кіретін «Jibek Joly» телеарнасының жаңа аппараттық-студиялық кешенін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына әлемдік стандартқа сай хабар тарататын және камера-роботтармен жабдықталған жаңа заманауи студия таныстырылды. 

Мемлекет басшысы «Jibek Joly» телеарнасына барды

Президентке Телереадиокешеннің Бас директоры Раушан Қажыбаева Ultra HD форматында лайф режимде хабар таратуға мүмкіндік беретін, жоғары технологиялық заманауи құралдар қолданылған студия жабдықтарын көрсетті. Телеарна бес тілде хабар таратады. Жаңалықтар студиясы ілеспе аударма жасай отырып, тікелей эфирде жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы «Jibek Joly» телеарнасына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жұмысының маңыздылығын және олардың кәсібилігін атап өтті. Президент телеарна ұжымына алғыс айтып, қызметкерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Мемлекет басшысы «Jibek Joly» телеарнасына барды
Өзгелердің жаңалығы