Шетелдегі және еліміздегі PR мәселелері талқыланды

29 Сәуір 2023, 18:46
746
Бөлісу:
Шетелдегі және еліміздегі PR мәселелері талқыланды
Фото: BAQ.KZ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы «Шетелдегі және Қазақстандағы PR: өзекті мәселелер және даму аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жиынға Қазақстан мен өзге мемлекеттердің ғалымдары, докторанттар мен магистранттар, мемлекеттік және комерциялық ұйымдардың қоғаммен байланыс (PR) саласында қызмет етіп жүрген кәсіби мамандар қатысты.

Конференция оффлайн және онлайн форматта өтті.

Конференцияның мақсаты - әлемдегі және Қазақстандағы қоғаммен байланыс (PR) саласының даму перспективаларын анықтау, ортақ пікір алмасу; Дағдарысқа қарсы PR және PR технологияның шығармашылық саладағы рөлін айқындау, ұсыныстар айту (өнер, әдебиет, спорт, музыка);  Жоғары оқу орындарында PR мамандарын дайындаудың заманауи әдіс-тәсілдерімен, бар тәжірибемен бөлісу.

Өзгелердің жаңалығы