Павлодарда бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті

29 Сәуір 2023, 03:11
712
Бөлісу:
Павлодарда бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті
Фото: gov.kz

Оқиға 27 сәуір күні Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылында болған. Бұл туралы BAQ.KZ @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 12:41 шамасында 2018 жылы туған бала бесінші қабаттан құлаған. Сағат 13:20-да облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілген.

Баланы травматолог, хирург, реаниматолог қарады. Содан кейін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы, оң жақ өкпенің зақымдалуы, іштің сыздап ауруы анықталды. Ота жасалды, - делінген басқарма таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.

Өзгелердің жаңалығы