Қарағанды облысында жаппай көктемгі ағаш отырғызу басталды

29 Сәуір 2023, 23:20
969
Бөлісу:
Қарағанды облысында жаппай көктемгі ағаш отырғызу басталды
Фото: baq.kz

 

Қарағандыда Орталық саябақта облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы пайда болды. Жасыл сенбілікке қоғам белсенділері қатысты. Қалада осы көктемде 2000-ға жуық ағаш отырғызылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлық қалалар мен аудандарда ағаш отырғызу жүріп жатыр. Қарағандыда көктемде 2000-ға жуық ағаш отырғызылды. Бүгін саябаққа этномәдени бірлестіктердің басшылары да жиналған.

Бұл жерде аллеяны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өз қамқорлығына алды. Бастаманы қолдағандарыңыз үшін рахмет. Саябақ көркем әрі жайлы болуы үшін көгалдандыруды жалғастырамыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Саябақтың бұл бөлігін дамыту жоспарлануда. Қала әкімі Мейрам Кожуховтың айтуынша, биыл мұнда тегін үлкен балалар алаңы салынады.

Әрбір отырғызылған ағаш – болашаққа салған үлесіміз, келесі ұрпаққа қамқорлық. Біздің Ассамблеяға әрқашан жасампаздық тән болған. Саябақты барлық қарағандылықтар жақсы көреді. Менің ойымша, біз оны бірге көгалдандырып, көрікті ете аламыз. Баршаңызды туған қаламызға өз үйіңізге сияқты қарауға шақырамын – оның болашағына немқұрайлы қарамаңыздар, игі істермен өз үлестеріңізді қосыңыздар, – дейді корей ұлтының облыстық этномәдени бірлестігінің төрағасы Лилия Ким.

Сол күні саябақта ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары сенбілік өткізіп, қоқысты тазартуға көмектескен.

 

 

Өзгелердің жаңалығы