Елдегі банктердің кірісі бір жылда 42 пайызға өсті

29 Сәуір 2023, 16:21
950
Бөлісу:
Елдегі банктердің кірісі бір жылда 42 пайызға өсті
Фото: gd.ru

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың бірінші тоқсанында табыс салығын төлегеннен кейінгі ағымдағы кірістердің шығыстардан жалпы асуы 509,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші несие бюросының Telegram арнасының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-наурызында бұл көрсеткіш 358,9 млрд теңгені құраған.

Жалпы банктердің үш айда жарты триллион теңге көлемінде пайда табуы қалыпты жағдайға айналды. 2022 жылдың үшінші тоқсанында бұл көрсеткіш 544,8 миллиард теңгені, 2022 жылдың төртінші тоқсанында 566,4 миллиард теңгені құраған. Сонда 2023 жылдың басы салыстырмалы түрде сәтсіз болып шықты, - делінген Бірінші несие бюросының хабарламасында.

Сондай-ақ хабарламада табыстың сектор бойынша біркелкі бөлінбегені түсіндіріледі. Жартысынан астамы екі банкке – Халық (168,1 млрд теңге) және Kaspi-ге (105,8 млрд теңге) түсті. Үшінші орында үлкен айырмашылықпен Еуразиялық банк – 37,6 млрд теңге. Айтпақшы, активтері бойынша үшінші орында тұрған ЦКК табысы бойынша небәрі жетінші орында (25 млрд теңге).

Өзгелердің жаңалығы