Все новости за 22 наурыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогі кезеңінде топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
ШҚО-да шектеу шараларын бұзудың 20 жағдайы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айыппұлдарға қарамастан, ШҚО тұрғындары карантин талаптарын, әсіресе, маскалық режимді сақтамайды.
-
Павлодарлық еріктілер тұрғындарға бауырсақ пен наурыз көже таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мерекесіне орай Павлодар педагогикалық университетінің «Lotos» еріктілер ұйымы «Ұлыс оң болсын!» акциясын өткізді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
-
Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Параллельді могул бойынша жарыс нәтижесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Красноярск (Ресей) қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін, 22 наурызда әлем біріншілігі аясында параллельді могул бойынша сайыстар өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Австралияны су басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның шығысында бұрын-соңды болмаған су тасқыны жалғасуда, апат аймағынан 18 мың адам эвакуацияланды.
-
Алматыдағы ЖИТС орталығының зертханасы CDC сертификатын алды
Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылдан бастап Алматы қаласында Жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (ЖИТС) орталығының мамандандырылған медициналық зертханасы АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) ұйымдастырған «Proficiency Testing Programfor HIV-1 Viral Loadusing Dried Tube Specimen» сапаны сырттай бағалаудың халықаралық бағдарламасына қатысады.
-
ПТР анықтамасыз келген 6 шетелдікке елге кіруіне тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД-ның алты азаматына Павлодар облысындағы Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге тыйым салынды.
-
Шетелдіктер Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шет мемлекеттен Наурыз мейрамына орай құттықтаулар келіп түсуде.
-
Алматыда ПТР зертханалардың жұмысы күшейтілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшинмен бірлесіп ПТР-зерттеулер жүргізілетін зертханалардың басшыларымен онлайн кеңес өткізді.
-
Асқар Мамин Мишустинмен келіссөз өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен, сондай-ақ Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен келіссөздер өткізді.
-
Семейде «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 5 баспана берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 5 мұқтаж отбасыға баспана кілті табысталды.
-
Тергеу изоляторында Наурыз мерекесі аталып өтті
Алматы, BAQ.KZ. ШҚО-да ОВ-156/1 тергеу изоляторында Наурыз мерекесі сотталғандар «Шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы» аталып өтті.
-
Коронавирус. Еуропа елдерінде қандай шектеулер енгізілді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавирустың жаңа жағдайлары мен ауруханалардың толып кетуіне байланысты ішінара карантин енгізді.
-
Ердоғанның жеке дәрігері ұшақта сәбидің өмірін құтқарып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жеке дәрігері ұшақ бортында ауырып қалған сәбиді құтқарды.
-
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында Құрлық әскерлерінің Әскери институтына барып қайтты.
-
Тоқаев: Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілеймін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Instagram-дағы парақшасында Барша қазақстандықты Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.
-
Алматыда жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғалып кеткен алматылық Аяжан Еділованың денесі табылды.
-
Футбол. Премьер-лиганың екінші туры несімен есте қалды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасына әрбір турына шолуды жалғастырамыз. Бұған дейін бірінші тур туралы жазғанбыз. Бұл жолы 2-турға тоқталып өтпекпіз.
-
Таразда саябақтар мен алаңдарда мереке ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі киіз үйлерде қолөнер бұйымдарының көрмесі, жаңадан туылған нәрестеге ат қою, бесікке салу, байлау, бау тағар, тұсаукесер салттарынан көріністер қойылып, қала кәсіпкерлерінің ұлттық қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында жазылды.
-
Азия мен Тынық мұхиты елдері Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АТМӨ елдері волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.
-
Miami Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 23 наурызда теннистен Miami Open турнирі басталады. Жарыстың жеребесі тартылып, теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Даниал Ахметов шығыс халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың құттықтауы facebook-тегі парақшасында жарияланды.
-
Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен биыл Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» ұранымен өтуде. Елордада 22-24 наурыз аралығында «Қайырымды істер» аясында 2 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр.
-
Алматыда 19 жастағы қыз жоғалып кетті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жоғалып кеткен 19 жасар қызды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
-
Жүзуден Қазақстан құрамасы жеті медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүзуден Түркияда өткен халықаралық жарыста отандасымыз Дмитрий Баландин үшінші жүлдесін жеңіп алды, деп жазды «Хабар 24».
-
Тұрғымбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баршаңызды 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Наурыз мейрамы тек жыл басы ғана емес, бұл ізгілік пен жақсылықтың, татулық пен бірліктің, махаббат пен достықтың мерекесі, деп жазды Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
-
Қапшағайдағы көпбалалы аналарға көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мейрамы қарсаңында Қапшағай қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында жазылды.
-
Шығыс Қазақстандық балықшылар боранда қалып қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күршім ауданы құтқарушыларының елдімекеннен тыс шықпау туралы ескертулеріне қарамастан Бұқтырма суқоймасына балық аулауға шығып кеткен балықшыларға көмек көрсетіп жатыр, бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ұлыстың ұлы күнінде белгілі журналист, Мәдениет қайраткері Дүрәлі Дүйсебай 67 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды марқұмның жақындары хабарлады.
-
«Таза су айдындары» акциясы: Су қоймалары тазартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті бүгін Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында «Таза табиғат» жобасын іске асыру аясында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын өткізді.
-
Қорғаныс министрі қорғаныс әскерлерінің кезекшілігін тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Генарал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің командалық пункті мен қолбасшылық басқармасын жоспардан тыс тексерді. Тәуліктік кезекшіліктің ұйымдастырылуын қарады.
-
Мониторингтік топ: Алматыдағы түнгі клубта 150-ден астам адам болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 наурызда сағат 22:30-да Алматы қаласы Медеу ауданының бақылау тобы Құрманғазы көшесі, 25 жекен-жайында орналасқан Boom Bar түнгі клубының келушілерін шығарды (бұрынғы The Artist деген атымен белгілі). Бұл мекеме қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын бұза отырып жұмыс істеді.
-
Бас мүфти Құнанбай қажы мешітінің ашылуына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген жаңа мешіттің ашылуы рәсімі өтті. Игі шараға Семей өңіріне арнайы келген бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров және жергілікті ақсақалдар қатысты.
-
Анықтамасыз келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 наурызда ел аумағына Германия, Венгрия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Ливан, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді.
-
Арыс Байжанбаев: Әке жолын қуу арманым еді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақтың Левитаны» атанған Әнуарбек Байжанбаевтың ұлы, жарты ғасыр Қазақ радиосында қызмет атқарған техник-оператор, радио ардагері Арыс Әнуарбекұлымен әңгімелескен едік.
-
Алакөлді құрғату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Іnstagram-дағы парақшасында жазылған.
-
Түркістанда 2 тонна көже халыққа таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыстың ұлы күні түркістандықтар Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Жергілікті жұрт алып Тайқазанда 2 тонна наурыз көже әзірлеп, халыққа таратты, деп жазды Хабар24.
-
22 наурыз күнгі ауа райы қандай болмақ?
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. 22 наурыз күні Республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауып, екпінді жел тұрады.
-
COVID-19. Ақтөбе облысы «сары» аймаққа енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
COVID-19. 287 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 22 наурыздағы ақпаратты жариялады.
-
Сапарбаев Наурыз мерекесіне арналған шараларға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген карантиндік шектеулер, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігі түрлі мерекелік шараларды өткізуге өз әсерін тигізді.
-
627 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 627 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Өткен тәулікте 1208 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1208 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Наверх