COVID-19. 287 адамның жағдайы ауыр

22 Наурыз 2021, 09:35
980
Бөлісу:
COVID-19. 287 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 22 наурыздағы ақпаратты жариялады.

22 наурыздағы мәлімет бойынша, 21 314 адам коронавирус инфекциясынан (18 228 КВИ+ және 3 086 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 369 пациент стационарда, 14 945 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 287 адамның жағдайы ауыр;
• 65 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 35 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 20 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 21 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 192 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50121, 662 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 46373 жетті.

COVID-19. 287 адамның жағдайы ауыр

Өзгелердің жаңалығы