Miami Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

22 Наурыз 2021, 16:13
1520
Бөлісу:
Miami Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 23 наурызда теннистен Miami Open турнирі басталады. Жарыстың жеребесі тартылып, теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Ярослава Шведова мен Зарина Дияс жарысты бірінші айналымнан бастайды. 

Шведова іріктеу кезеңінің жеңімпаздарының бірімен ойнайды. 

Дияс Винус Уильямске қарсы ойнайды. 

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жарысқа екінші айналымнан қосылады. 

Елена Кайя Канепи (Эстония) - Лорен Дэвис (АҚШ) жұбының жеңімпазымен ойнайды. 

Өзгелердің жаңалығы