ПТР анықтамасыз келген 6 шетелдікке елге кіруіне тыйым салынды

22 Наурыз 2021, 20:34
1481
Бөлісу:
ПТР анықтамасыз келген 6 шетелдікке елге кіруіне тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД-ның алты азаматына Павлодар облысындағы Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге тыйым салынды.

Бұл жайында Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Павлодар облысының аумағында мемлекеттік шекараның 4 автомобильді бақылау бекеттерінде адамдардың қозғалысын бақылау жалғасуда.

Өткен тәулікте шекарадан 700 адам өтті, оның 305-і жаяу және 395-і жүк көлігінің жүргізушісі. 6 адам карантиндік стационарға орналастырылған.

Соңғы бір тәулік ішінде COVID-19-дың расталған жағдайлары тіркелмеген. Алайда ТМД-ның алты азаматына ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз келгеніне байланысты елге кіруіне тыйым салынды. Олардың екеуі - Қырғызстан, төртеуі - Ресей Федерациясының азаматтары.

Шектеу шаралары енгізілген уақыттан бастап Павлодар облысына 77 724 адам келген. Анықтамасыз келген 2475 Қазақстан Республикасының азаматтары карантиндік стационарларға ПТР тексеруден өту мақсатында орналастырылған. Індеттің симптомсыз 144 енгізілген жағдайы анықталған.

Өзгелердің жаңалығы