Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

22 Наурыз 2021, 15:06
2578
Бөлісу:
Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен биыл Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» ұранымен өтуде. Елордада 22-24 наурыз аралығында «Қайырымды істер» аясында 2 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр.

Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында табиғат-ана гүлдеп, тіршілік атауы қайта түлейді. Әз Наурыз мейрамында қыстан аман шыққан халық көрісіп, бірге жаңа жылды тойлайды. Бұл – бірлік пен еңбектің, мейірімділік пен ізгіліктің мерекесі. 

Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жаңа жылда барлық қала тұрғынын жақсылық жасауға үндеп, мұқтаж адамдарға азық-түлік себеттерін таратуда. Бүгін - қайырымдылық іс-шарасының алғашқы күні. 

Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Өздеріңіз білетіндей, жыл басынан бері «30 игі іс» аясында көптеген іс-шараны жүргізіп келеміз. Мұндай акциялар 1 наурыз – Алғыс айту күнінде де, 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні де атқарылып, екі мыңнан аса отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. Қала басшылығының тапсырмасымен Наурыз мейрамында да екі мыңға жуық отбасыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде зейнеткерлер, қарт адамдар, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Бұл іс бүгін қаламыздың төрт орнында жалғасып жатыр. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Наурыз мейрамын жаппай мерекелеу мүмкін емес. Ал мұндай ізгі іс тұрақты түрде жалғасады. Қайырымдылық акциясына қолдау көрсеткен мәслихат депутаттарына, Halyk Bank-ке, меценаттарға, кәсіпкерлерге, волонтерлерге, сол сияқты қаламыздың белсенді тұрғындарына ерекше алғыс айтамын, – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкен. 
Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

Ол өзгелерді де осындай қайырымдылық іс-шараларына қолдау көрсетуге, мұқтаж жандарға жәрдем етуге, сол сияқты қар күреу, дәрі-дәрмектер жеткізіп беру, азық-түлік сатып алу секілді игілігі мол шараларға атсалысуға шақырды. 

Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

Бүгін мерекелік азық-түлік себеттері Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданы бойынша 600-ден астам отбасыға жеткізілді, өзгелеріне жақын күндері таратылады. 

Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

Мерекелік себетке ие болған тұрғындар да ризашылықтарын білдіріп, елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады. 

Солардың бірі – Нина Шкуропатова. Әженің жасы 85-те. Жұбайы өмірден озған. 

Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

Мен бухгалтер-инженер болып қызмет атқардым. Ұл-қыздарым бөлек тұрады. Олар – жақсы оқу орнын бітірген, ақылды балалар. Маған әкімдік тарапынан мерекелік сыйлықтар кеп тұрады. Бәріңізге рақмет, - деді ол. 
Әкімдік тарапынан мерекелік себетке ие болған тағы бір зейнеткер – Нина Шемельева. 

Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

78 жастағы әженің екі қызы бар. Олар Ресейде тұрады. Нина Шемельева үйінде мерекеге орай ыстық бауырсақ пісіріп, көршілерін күтіп отыр екен. Зейнеткер әкімдік өкілдеріне алғысын айтып, отандастарын мерекемен құттықтады. 

Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды

Қайырымдылық іс-шарасы әлі де жалғасын таппақ. Әкімдік елордада коронавирусты жұқтыру қаупі әлі де жоғары екенін ұмытпауды еске салып, мереке күндері адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға шақырды.

Ел астанасында 2 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталды


Раушан АРМАНҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы