Сапарбаев Наурыз мерекесіне арналған шараларға қатысты

22 Наурыз 2021, 09:24
1085
Бөлісу:
Сапарбаев Наурыз мерекесіне арналған шараларға қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген карантиндік шектеулер, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігі түрлі мерекелік шараларды өткізуге өз әсерін тигізді.

Бұл ұйымдастырылатын шаралар мен қатысушылардың санына айтарлықтай әсер етті. Дегенмен, жамбылдықтар бірқатар киіз үйлер тігіп, Наурыз мерекесін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Қазақ үйлер адамдардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында Тараз қаласының түрлі аудандарында аз мөлшерде орналасты. 

Сапарбаев Наурыз мерекесіне арналған шараларға қатысты

Аймақ басшысы алдымен «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің алаңында бой көтерген Тараз өңірлік университетінің киіз үйіне барып, қазақы салтпен қымыздан дәм татты. Бердібек Сапарбаев Наурыз мейрамының ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, жас ұрпақты ұлтжандылық пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуде айрықша маңызға ие екендігін атап өтті. Ал университет студенттері шағын сахна арқылы қазақтың «Бесікке салу», «Азан шақырып, ат қою» және тағы басқа да салт-дәстүрлердің үлгісін көрсетті. 

Сапарбаев Наурыз мерекесіне арналған шараларға қатысты

Сондай-ақ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің киіз үйінде қолөнер бұйымдары мен ұлттық киімдер көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Облыс әкімі көрмедегі дүниелерге тәнті болып, жоғары бағаласын берді.

Университет ректоры Ерболат Саурықов Бердібек Сапарбаевқа оқу ордасы «Көркемөнер және сызу» мамандығы бойынша оқытушылар дайындайтынын, кейін олар балаларды халықтық қолөнерге баулитынын жеткізді. Көрмеге қойылған бұйымдардың басым бөлігі, соның ішінде ағаштан, металдан және былғарыдан жасалған дүниелер ТИГУ студенттері мен магистранттарының дипломдық жұмыстары болып табылады десек, қалғандары университет мұражайының қорынан алынған заттар. Өңір басшысының қызығушылығын оятқан бұйымдардың бірі – ыдыстарды тасымалдауға арналған, сапалы былғары қоржындар.

Сапарбаев Наурыз мерекесіне арналған шараларға қатысты

Бердібек Сапарбаев жамбылдықтарды көктемнің басты мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. 

Тамыры тереңнен бастау алатын бұл мереке – бірлік пен берекенің символы. Наурыз – қазақ халқының тіршілігінің көрінісі, жоғары рухтың, ұлттық мәдениет пен өнердің, салт - дәстүрдің өзегі болып саналады, - деп атап өтті облыс әкімі. 

Бұдан соң аймақ басшысы кішкентай Ержан Жанмұхаммедтің тұсауын кесіп, бүлдіршіннің ел азаматы болып ержетуін және оның ата-анасына мықты денсаулық тіледі. 

Сапарбаев Наурыз мерекесіне арналған шараларға қатысты

«Көне Тараз» кешенінің жаяу жүргіншілер аймағын жағалай әртүрлі кәдесыйлар, ыдыс-аяқ, сәндік бұйымдар және басқа да көзтартар заттардың павильондары орналасты. 

Туризм және халықтық қолөнер орталығында шебер Пернебек Ахметов шағын сөмкеге сыйып кететін жиналмалы ағаш бесігімен таныстырды. Қос қолы жоқ Анар Бексұлтанова тіккен түрлі қазақы оюлы көрпелер мен жастықтарды көргендер оның батылдығы мен еңбекқорлығына тәнті болды. Ісмер өзінен бөлек үш адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Сапарбаев Наурыз мерекесіне арналған шараларға қатысты

Анар секілді адамдардан үлгі алу керек. Тағдырдың соққысына бой алдырмай, аянбай еңбек етіп, өз мақсатына жетудің үлгісі осындай болады деп ойлаймын, - деп атап өтті аймақ басшысы. 

 Жастар аллеясында аймақ басшысын білім саласының ардагерлері қарсы алды, үлкен экран орналасқан сахнада мектептен тыс шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері би билеп, өнерлерін ортаға салды. Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы және көркемсурет мектебі оқушыларының еңбектері бойынша көрме ұйымдастырылып, онда картиналар мен киіз және тоқыма бұйымдары қойылды. Жас суретшілер сол маңдағы оқиғаларды бірден қағаз бетінен түсіріп, көптің қызығушылығын оятты. 

Сапарбаев Наурыз мерекесіне арналған шараларға қатысты

Сонымен қатар, Қайрат Рысқұлбеков саябағында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Өңір басшысы қазақ күресінен қарсыласын таза жеңген жуалылық балуан Мергенбай Бақбергеннің шеберлігіне риза болды. Табиғи күш иесі тараздық Жақып Шынғысхан қойды иығына салып, елу рет көтеріп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бұдан бөлек мұнда асық ату, тоғыз құмалақ, қолкүресі секілді ұлттық ойындар бойынша да өзара күш сынасулар өтті.
Тұңғыш Президент саябағының алдындағы алаң ұлттық ойындардан бөлек өздерінің көркем суреттерін ұсынған жергілікті колледж студенттеріне арналды. 

Сапарбаев Наурыз мерекесіне арналған шараларға қатысты

Мереке кезінде де жұмыс жайына ден қойған Бердібек Сапарбаев қала басшылығына жергілікті субұрқақты ретке келтіруді тапсырды. Айта кету керек, көп ұзамай қаладағы барлық субұрқақтар іске қосылмақ. Бұл бойынша аймақ басшысы жауапты құрылымдарға тиісті тапсырмалар жүктеді. 

Мерекелік аралау «Баласағұн» орталық концерт залының алдындағы облыстық филармония әртістері дайындаған ашық аспан астындағы үлкен концертпен тиянақталды. Онда қазақтың халық әндері шырқалып, жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өнерпаздар Жамбыл мен Айкүміс арасындағы айтыс қойылымын жұртшылық назарына ұсынды

.

Өзгелердің жаңалығы