Ердоғанның жеке дәрігері ұшақта сәбидің өмірін құтқарып қалды

22 Наурыз 2021, 18:27
1872
Бөлісу:
Ердоғанның жеке дәрігері ұшақта сәбидің өмірін құтқарып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жеке дәрігері ұшақ бортында ауырып қалған сәбиді құтқарды.  

Бұл туралы Anadolu хабарлады.

Оқыс оқиға 19 наурызда Ыстамбұл – Бішкек бағытында ұшқан ұшақ бортында болған. 

Жолаушылар ұшағы Стамбулдағы әуежайдан шыққаннан кейін, жарты сағаттан кейін егіз сәбилердің бірі ауыра бастайды. 

Балалардың анасы түрік және ағылшын тілін білмеген. 

Сәбидің жағдайы нашарлаған соң, анасы жолсеріктерден көмек сұрайды. Ал олар сол рейспен ұшып келе жатқан дәрігер Шекерге жағдайды түсіндіреді. Дәрігер балаға көмектесіп, өмірін құтқарып қалды. Ұшақ шұғыл түрде Анкараға қонып, кішкентай жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Баланың демалуы қиындап, өңі қуарып кетіпті. Шамасы жүрегі тоқтады. Мен оған жасанды жолмен тыныс алғызып, жүрегіне массаж жасадым. Содан кейін ғана нәресте есін жия бастады, – деді Реджеп Шекер.

Өзгелердің жаңалығы