22 наурыз күнгі ауа райы қандай болмақ?

22 Наурыз 2021, 10:00
1933
Бөлісу:
22 наурыз күнгі ауа райы қандай болмақ?

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. 22 наурыз күні Республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауып, екпінді жел тұрады.

Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батысында найзағай болжанады.

Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, 15-23 м/с екпінде жел тұрады. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысында күндіз желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал. Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Жалаңашкөл аумағында желдің күші 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман болады. Маңғыстау облысының жекелеген аумағында найзағай ойнайды. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің күші 15-20 м/с, түнде кей жерлерде көктайғақ болады.



Өзгелердің жаңалығы