Шығыс Қазақстандық балықшылар боранда қалып қойды

22 Наурыз 2021, 13:25
1516
Бөлісу:
Шығыс Қазақстандық балықшылар боранда қалып қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күршім ауданы құтқарушыларының елдімекеннен тыс шықпау туралы ескертулеріне қарамастан Бұқтырма суқоймасына балық аулауға шығып кеткен балықшылар көп. Оларға қазір көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Боран соғып кеткендіктен балықшылар үйлеріне орала алмаған. Мельковое ауылының маңында 6 көлік тұрып қалған. Құтқарушыларға 14 адамға көмек қажеттігі туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына Кунг жол талғамайтын көлігімен 30 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шықты. Олар көліктерді тазаланған жол учаскелеріне дейін сүйреп шығарып тастады. 

Мереке күндері азаматтардың көбісі үйде қалғысы келмейді, алайда құтқарушылар облыс тұрғындарынан тағы да өтініп сұрайды - ертең тағы да қатты жел соғып, көктайғақ пен тұман түсетіні туралы Қазгидромет ШҚ филиалынан дауылдық ескертулер келіп жатыр. Құтқарушылардың кеңесіне немқұрайлы қарамаңыздар. Егер жолға шығу аса қажет болса сол бағыттағы жолдың жағдайын біліп алыңыз, күрек, арқан, дәрі қобдишасы, қосымша ЖЖМ мен тамақ алып көлігіңізді жабдықтаңыз. Сонымен қатар осындай метеожағдай кезінде қозғалыс нашарлап, ЖКО жиілеп кетеді, сондықтан жылдамдық режимін сақтаңыз. Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы