Таразда саябақтар мен алаңдарда мереке ұйымдастырылды

22 Наурыз 2021, 16:45
3019
Бөлісу:
Таразда саябақтар мен алаңдарда мереке ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі киіз үйлерде қолөнер бұйымдарының көрмесі, жаңадан туылған нәрестеге ат қою, бесікке салу, байлау, бау тағар, тұсаукесер салттарынан көріністер қойылып, қала кәсіпкерлерінің ұлттық қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің фейсбуктегі парақшасында жазылды.

«Жастар» аллеясында «Dombra party» акциясы, «Бақытты бала», «Әнші балапан», «Бала даусы», т.б. байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, арт-көрмелер, сурет салу байқаулары ұйымдастырылды. 

Қ.Рысқұлбеков саябағында құмай тазы, бүркіт, гір көтеру, тоғызқұмалақ, асық ату, қой көтеру, т.б ұлттық спорт түрінен ойындар өтсе, «Баласағұн» орталық концерт залының алдында салт-дәстүрден театрландырылған көрініс, мерекелік концерттік бағдарлама, киіз үйдегі қолөнер көрмесі ұйымдастырылды, - делінген ақпаратта. 
 Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында заманауи форматтағы ұлттық би көрсетілімі, этникалық стильдегі сән көрсетілімі, концерттік бағдарлама, киіз үйдегі қолөнер көрмесі өткізілді. 

наурыз2.jpeg

«Қазақ халқына мың алғыс» монументі аумағында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы, этникалық топтар өкілдерінің қатысуымен қазақ тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын білуге арналған зияткерлік викториналар, байқау жеңімпаздарын марапаттау, концерттік бағдарлама, киіз үйдегі қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. 

наурыз3.jpeg

Қала аумағында орналасқан спорт алаңдарында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы