Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Параллельді могул бойынша жарыс нәтижесі

22 Наурыз 2021, 21:28
1017
Бөлісу:
Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Параллельді могул бойынша жарыс нәтижесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Красноярск (Ресей) қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін, 22 наурызда әлем біріншілігі аясында параллельді могул бойынша сайыстар өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасының өкілдері жүлдегерлер қатарынан көрінбеді. Сергей Романов 1/8 финалда жарыстан шықты. Ол финляндиялық Аксели Ахвенаймен сайысқа түсті. 

Қыздар арасындағы бәсекеде Аяулым Амренова ширек финалда Виктория Лазаренкодан (Ресей) жеңіліп қалды, ал Анастасия Городко Харука Накаоны (Жапония) жеңе алмады. 

Тағы бір жапондық әйел Анри Кавамура 1/8 финалда біздің Олеся Граурды жеңіп кетті. 

Өзгелердің жаңалығы