Все новости за 17 шілде 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Бауыржан Қарағызұлы: Бірлігіміз осындайда сыналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақын Бауыржан Қарағызұлы қазіргідей сын сағатта бір-біріміздің кемшілігімізді тергілемей, бірігіуге шақырды. Бұл туралы Бауыржан Қарағызұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
ХОК Токио Олимпиадасының жарыс кестесін бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған Токио Олимпиадасының кестесі мен жарыс өтетін орындарды бекітті. Бұл туралы ХОК-тың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.
-
Айдос Ербосынұлының келесі қарсыласы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (13-0, 9 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Абақтыдағы әйелдер дәрігерлер үшін кондитерлік тағамдар әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында мекеменің наубаханасында жұмыс істейтін сотталған әйелдер "Вупи-пай", "Қызыл бархат", "Сүтті қыз" торттарын және кондитерлік тағамдары мен тандыр нан, тоқаш, кекс, пісіріп, мекеме қызметкерлері арқылы ақ халатты жандарға жолдады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады.
-
Нұр-Сұлтанға Үндістаннан 23 тоннадан астам дәрі-дәрмек келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордаға Covid-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің тағы бір партиясы келді. Бүгін елордаға жүк ұшағымен (Үндістаннан) және жүк көліктерімен дәрі-дәрмектер жеткізілді.
-
Нұр-Сұлтан колледждеріне 4,6 мыңға жуық грант бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы жүзеге асады. Пандемияға байланысты талапкерлерге медициналық анықтама ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Мемлекеттік көмекті мұқтаж жандардың алғанын қалаймыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік көмекті мұқтаж жандардың алғанын қалаймыз. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басқарма басшысы Бауыржан Бейсенбаев "Желмая" жобасында айтты.
-
"Зекет" қоры Семейге 22 оттегі концентраторын жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Өмірге үміт сыйла" акциясы қолға алыңған болатын.
-
Елордалықтар дәрігерден тегін бейне-кеңес ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл үшін Damumed қосымшасын пайдалану қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
#Желмая. 42 500 теңгені кімдер алады?
"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басқарма басшысы Бауыржан Бейсенбаев.
-
Ауыл мектептерін қолдау бойынша жаңа жоба іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Aitas KZ" пен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ (НЗМ) "Ауыл мектебі" жобасын ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
-
Павлодарлық кәсіпкерлер індетпен күрес жолында күш біріктірді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің кәсіпкерлері індетпен күрес жолында күш біріктірді. Бүгін бизнесмендер провизорлық госпитальдерге Бобров аппаратары, дәрілік препараттар мен 1400 литрден астам ауызсу жеткізіп берді.
-
Жасотандықтар дәрігерлерге "Денсаулық себетін" табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 айға жуық уақыт бойы өз өмірлерін қатерге тігіп бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс білдіріліп, қолдау көрсетілді.
-
Алматыға дәрі-дәрмектің кезекті партиясы келді
Алматы, BAQ.KZ. Мегаполиске 16 шілдеде, кешкісін Үндістаннан жалпы салмағы 10 тонна болатын медикаменттер тиеген ұшақ келіп қонды. Ал 17 шілде күні, түнде Ресей Федерациясынан қажетті дәрі-дәрмектер тиеген ұшақ келіп жетті.
-
Алматылық жастар дәрігерлерді тегін тағаммен қамтамасыз етуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Диас Тастанбеков алматылық достарымен бірігіп игі істі қолға алды. 7 адамнан тұратын команда дәрігерлерді күрделі кезеңде қолдау мақсатында оларға тегін тағам жеткізуді ұйымдастырып отыр.
-
ДСМ: Елімізде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі аурудың жаңа жіктемесін пайдалану туралы шешім қабылдады. Бұл COVID-19 инфекциясы болуы мүмкін бар пациенттерді дұрыс жіктеуге мүмкіндік берді. Мұндай қадам Еуропалық аймақтағы және әлемдегі әрбір ел аурулардың халықаралық жіктелуіне сәйкес оларды жіктеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
-
Мақтааралға отандық ИВЛ аппараттары жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Инжиниринг" АҚ-ы жасаған 10 ИВЛ аппараты республикада ең алғашқы болып Түркістан облысы Мақтаарал ауданына жеткізілді.
-
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Сондай-ақ, кей өңірде аптап ыстық сақталады.
-
"Әзірет Сұлтан" қорық-музейіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, зерттеу және оларды туристік орталыққа айналдыру мақсатында 18 тарихи-мәдени нысанды қайта жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқаны белгілі.
-
Дәрігерлер басына оқ тиген науқастың өмірін сақтап қалды
Алматы, BAQ.KZ. Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтары күрделі операция жасап, нәтижесінде науқастың бас сүйегінен оқ алып, ер адамның өмірін сақтап қалды. Бқл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Қостанайда "Кітап ауласы" ашылды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай орталығында "Кітап ауласы" ашылды. Онда жұмыс күндері ашық аспан астында кітап оқып, қалаған кітапты үйге ала кетуге болады.
-
Сенат & Мәжіліс: Биыл қос палата бастамасымен қанша заң қабылданды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Парламентте бесінші парламенттік сессияны аяқтаған палаталардың бірлескен отырысы өтті. Депутаттар демалысқа кетті. Биылғы сессия жұмысының қорытындысы қандай? Қос палата қарауында қанша заң болды? Толығырақ ақпаратты ұсынылған инфографикадан көре аласыз.
-
Иранда өлім жазасына қарсы наразылық шарасы өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Иран көшелерінде өлім жазасына кесілген үш адамға қатысты наразылық шарасы өтіп жатыр. Олардың барлығы 2019 жылы қарашада өткен наразылық шарасы кезінде ұсталғандар. Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.
-
COVID-19: ДДСҰ өкілі Қазақстанның бастамасына ризашылығын білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа бойынша аймақтық директоры доктор Ханс Клюге Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
-
Алматының қақ ортасында жайылған жылқылардың иесі жауапқа тартылды
Алматы, BAQ.KZ. Бұған дейін әлеуметтік желіде қаланың орталық көшелерінде бір үйір жылқы жүргені туралы видео тараған еді.
-
"42 500 теңге" төлемге өтінімдер қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Egov.kz, 42500.enbek.kz және homebank.kz порталдарында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді қабылдау басталды.
-
Елімізде IT-мамандарға жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Бизнес пен экономика салаларын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Экономиканы цифрландырудың басты қозғаушы күші ретінде 10 технологиялық платформа іріктелді.
-
Назарбаев металлургтерді құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің 2003 жылдың 15 қарашадағы жарлығы бойынша шілденің үшінші жексенбісі металлургтер күні ретінде аталып өтіледі. Биыл бұл кәсіби мереке 19 шілдеге түсіп отыр.
-
Атырау облысында әлеуметтік жағдай бірқалыпты – облыстық басқарма басшысы
Атырау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Атырау халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға жергілікті әкімдікпен қатар кәсіпкерлер, еріктілер де қол ұшын беріп жатыр. Елімізде індет басталғалы табысынан айырылғандар, күн көрісі төмендегендер аз емес. Алайда, мемлекет тарапынан қолдау тоқтаған емес. Осы жұмыстарды үздіксіз ұйымдастырып отырған Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Серік Қамидолламен сұхбаттасқан едік.
-
Ханс Клюге: ДДСҰ COVID-19 індетін жіктеу үшін жаңа кодтар енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа бойынша аймақтық директоры доктор Ханс Клюге бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде жолдаған бейнежолдауында айтты.
-
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері 4,7 млн теңге жымқырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әкімдіктің бұрынғы қызметкері 4,7 млн теңгені жымқырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Біржақсынов "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.
-
Коронавирус. Қазақстандағы жағдай жақсарып келеді – ДДСҰ өкілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық кеңсесінің төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры, дәрігер Дорит Ницзан бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде жолдаған бейнежолдауында айтты.
-
Жарты жыл ішінде пневмониямен ауырғандар 3,3 есеге артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 1 қаңтары мен 15 шілдесі аралығында Қазақстанда пневмониямен ауырған 234 187 адам тіркелген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "ҚР КВИ бойынша статистикалық деректер және есепке алудың жаңа тәсілдері" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
200 млн теңге. МӘСҚ және СҚ "Фармация". Сотқа дейінгі тергеу кімдерге жүргізілуде?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Біржақсынов "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте сотқа дейінгі тергеу кімдерге қатысты жүргізілгенін айтып өтті.
-
Сұлтанның төрт әйелі болыпты... – Әлия Назарбаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Елбасының кенже қызы Әлия Назарбаева Instagram-дағы парақшасында төрт әйел туралы тәмсілді жариялады.
-
COVID-19-дың статистикалық мәліметтер есебін таратуда жаңа әдістер белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "ҚР КВИ бойынша статистикалық деректер және есепке алудың жаңа тәсілдері" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Дәріні қымбатқа сатқандарға 200 мың теңгеге жуық айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандарға 194 460 теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.
-
42 500 теңге: Проактивті тағайындау туралы SMS-ке қалай жауап беру қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылғы шілдеде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады. Осылайша 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті.
-
Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 480 көлік тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Үкімет қаулысына сәйкес елде ҚР азаматтарының атына ҚР аумағына Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін кіргізілген, басқару құрылғысы сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталды.
-
Оңтүстікте аптап ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-20 шілдеде оңтүстік циклонның шығуы Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
-
Қостанай облысында үш локдаун енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысында үш бірдей аптаның сенбі-жексенбі күндеріне локдаун енгізілді. Бұл туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Юрий Севостьянов хабарлады.
-
Иммунитетіңізді көтеріп, ұзақ жасағыңыз келсе, қымыз ішіңіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ғалымдар коронавирус кезінде иммунитетті көтеру үшін қымыз, шұбат, айран сияқты қазақтың ұлттық сусындарын ішуге кеңес береді.
-
2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2020 жылы "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді, деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ.
-
Ресейлік КВН жұлдызы тағы да қазақша ән айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. КВН арқылы танымал болған ресейлік шоумен Азамат Мұсағалиев ана тілінде ән шырқап, жанкүйерлерін қуантып қойды.
-
Дәрігерлер 134 күн бойы нәрестенің өмірі үшін күресті
Алматы, BAQ.KZ. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына жүктілігіне 25 апта болған 34 жасар әйел ауыр күйде түсті. Дәрігерлер салмағы 527 грамм нәрестенің өмірі үшін күресіп, оны аман алып қалды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шымкентте магистралды 75 шақырым жол жөнделіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы магистралды жолдардың 75 шақырымында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы мен айналма жолының қайта құру жұмыстары қамтылған. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.
-
16 мыңдай алматылық 42 500 теңге төлемді қайтарып берген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін Алматы қаласы бойынша 441 мың адам 42 500 теңге көлеміндегі төлемді алса, оның 16 мыңнан астамы төлемді қайтарып берген. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Атырау облысында Әдеп кодексі бойынша кеңестер берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта әлеуметтік желі арқылы онлайн-кеңес алушылар саны артты, дейді Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова.
-
Алматы көшелерін залалсыздандыру жалғасып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын дезинфекциялау жұмыстары жалғасып жатыр.
-
Ақтауда елдің үрейін алған арыстан Алматыға жеткізілді
Алматы, BAQ.KZ. "Симба" атты лақап атқа ие болған ақтаулық арыстан Алматыға жеткізілді. Бұл туралы "Kazakh Tourism" ҰК АҚ басқармасының төрағасы әрі бұрын хайуанаттар бағының директоры болған Ерлан Еркінбаев хабарлады.
-
Халық әлеуметтік мәселелерге қатысты жауап ала алмай отыр – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық әлеуметтік мәселелерге қатысты жауап ала алмай отыр, деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында.
-
Жалған ақпарат тарап жатыр – Байбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желіде 50 мың теңгеден таратылып жатыр деген ақпарат жалған екенін хабарлады.
-
Халыққа ақпарат уақытылы әрі дұрыс жетуі керек – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн өткен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты.
-
Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы тауарларды таңбалау жүйесі сынақтан өтті.
-
Біз орысша сөйлеген соң халық түсінбей отыр – Аида Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook желісінде онлайн ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізіп жатыр.
-
Халықтың мемлекет қаражаты қайда жұмсалатынын бақылауға қақы бар – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғамның бюджет ақпаратына қолжетімділігін арттыру керек. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн өткен отырысында айтты.
-
Елімізде 400 тоннадан астам қымыз бен мың тоннаға жуық шұбат өндірілді – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлттық сусындарының көп бөлігі Алматы облысында өндіріледі.
-
Балаева мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы пандемия кезінде күрделенгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн өткен отырысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы пандемия кезінде күрделенгенін айтты.
-
Каирде Абай туралы кітап жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каирде Мысырдың Уақыптар министрлігінің уағыз зерттеу департаментінің директоры, белгілі теолог Халед Ас-Саид Ғанемнің "Абайдың Қазақстан халқына өсиеттері" атты араб тіліндегі кітабы жарық көрді.
-
Жүйелі жұмыс жоқ - Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жүйелі жұмыс жоқ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн өткен отырысында айтты.
-
The New York Times 19 жастағы қазақ баласы жайлы мақала жариялады
Алматы, BAQ.KZ. Бұл басылымда әлемдік хит әндердің ремиксін жасаумен айналысатын Иманбек Зейкенов жайлы мақала жарияланды.
-
Жақыныңа жанашыр бол: Павлодарлықтар дәрігерлерді қолдау акциясын жалғастыруда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Провизорлық госпитальдерде жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қолдау көрсету мақсатында өңір колледждері дәмді ас әзірлеп, дәрігерлерге жеткізіп беруде.
-
42 500: 700 мың қазақстандық SMS-хабарлама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезеңінде төлемдер алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті.
-
Цой: Біздің міндетіміз - денсаулық сақтаудың дұрыс жүйесін құру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Қоғамдық бақылау" азаматтық бастамасын қолдау мақсатында еріктілер қозғалысының белсенділерімен, дәрігерлермен, ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
-
Еуропа коронавирус инфекцияның екінші толқынын бастан кешуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы алғанда, құрлықта COVID-19-дан 200 мыңнан астам адам көз жұмған.
-
ШҚО-да 20 елді мекенде көше жөнделді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шығыс өңірінде тірек ауылдар ретінде белгіленген 20 елді мекенде көшелер жөнделіп, 30-дан астам әлеуметтік нысанның ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі.
-
"Болашақ": Шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді.
-
Ғалымдар COVID-19-ға қарсы жаңа препарат ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Формула вирус жұққан кезде жауап ретінде жүретін ағзаның жасушалары бөлетін интерферон-ақуыздарға негізделген.
-
Магистратура мен докторантураға түсу үшін бірқатар жаңашылдық қарастырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Магистратураға кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 19 шілдеге дейін ұзартылды. Мерзімді ұзарту туралы шешім карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты қабылданды.
-
Өткен тәулікте 1190 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1190 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Алматыда күннің қатты ысуына байланысты ескерту жасалды
Алматы, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 17 шілде күні Алматыда ауа райы 33-35 градусқа дейін көтерілетінін мәлімдеді.
-
50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат - жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мессенджерлерде таратылып жатқан 50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат жалған болып табылады.
-
Өткен тәулікте 1707 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1707 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
-
Жұмада екі қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 шілде, жұма күні республиканың екі қаласында ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Алматыда коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індетті жұқтырғандар арасында жастар көп. Алматы қаласы бойынша 8 мың 259 адамға коронавирус диагнозы қойылған болса, соңғы тәулікте бұл індет 219 адамнан анықталған, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
Жұмада күн ашық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұма, 15 шілде күні елімізде күн ашық, ыстық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
IBU суперспринтті әлем кубогінің финалдық кезеңінен алып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) келесі жылы өтетін әлем кубогінің финалдық бағдарламасынан суперспринтті алып тастады, деп хабарлайды olympic.kz.
-
СҚО-да қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 600-ден астам қылмыс ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 600-ден астам қылмыс ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елордада дезинсекциялаудың төртінші кезеңі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық орындарды өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Коронавирустан туындайтын асқынудың басты белгісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Француз ғалымдары COVID-19 вирусынан туындайтын асқыну қаупі жоғары пациенттердің басты ерекшелігін атады. Бұл жайлы "Science" журналында жарияланған мақалада айтылады.
-
Колумбияда мигранттар Венесуэлаға қайта алмай отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияға жұмыс іздеп барған мигранттар Венесуэлаға қайта алмай отыр, деп хабарлайды 24.kz.
-
"Қазақстан" шахтасында жаңа лава іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасы жаңа және жаңғыртылған жабдықпен жабдықталған лаваны іске қосты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Ақтөбе дәріханаларына 115 мың дәрілік препарат түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе дәріханаларына Ресейден дәрілік заттар келді. Облыс әкімдігі мен Орынбор қаласындағы облыстық дәріхана қоймасы арасындағы келісім аясында 11 позиция бойынша 115 мың дана вирусқа қарсы, қызу түсіретін препараттар мен антибиотиктер жеткізілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
-
Коронавирус: Шығыста бір тәулікте 73 науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да бір тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар 73 жағдай тіркелді. Тағы 60 жағдайда аурудың белгілері болмаған, деп хабарлайды Altaynews.
-
ШҚО-да өкпені жасанды желдетудің 50 аппараты сатып алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавируска шалдыққан науқастарға арналған орындарды қажетті құралмен жабдықтау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде 196 өкпені жасанды желдету аппаратына қосымша 50 және 57 сандық рентген-аппаратына қосымша 10 аппарат сатып алынды.
-
Тоқаев Үкіметке пандемия статистикасын біріздендіруді міндеттеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия ахуалы туралы ақпаратты қоғам білуі керектігін айтып, Үкіметке пандемия статистикасын біріздендіруді міндеттеді. Бұл туралы Президент twitter-дегі парақшасында жазды.
Наверх