Халыққа ақпарат уақытылы әрі дұрыс жетуі керек – Балаева

17 Шілде 2020, 12:38
1541
Бөлісу:
Халыққа ақпарат уақытылы әрі дұрыс жетуі керек – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн өткен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты.

Балаева бірыңғай интернет ресурстарының платформасына қатысты наразылығын білдірді.
Осы порталды ашқан кезде неге сіздің министрліктің (Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлі) атауы шығады? Бұл барлық мемлекеттік органдардың ресурстары қосылғаннан кейін сіздердікі шықпауы керек сияқты. Бұл олқылықты жою керек. Бұл - халықты жаңылыстырады. Олар ақпарат тек сіздердің ведомствоға қатысты деп ойлайды, - деді Балаева вице-министр Абылайхан Оспановқа.
Сондай-ақ, министр ресурстардың жүйелік жаңаруына назар аударды. 
Атырау, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдіктеріне осы бағыттағы жұмысты жандандыруларын сұраймын. Ресурстардың жүйелі жаңаруы да аса маңызды. Кейде ол айлап жаңармайды. Бізге ескірген ақпарат керек емес. Бізде дұрыс ақпарат таралмайды, сосын адамдардың жалған ақпаратқа сенгеніне ренжиміз. Алайда бұған ресурстардағы ақпаратты жүйелі жаңартпау арқылы өзіміз жол беріп отырмыз. Халыққа ақпарат уақытылы әрі дұрыс жетуі керек. Мұны ерекше бақылауға алу керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы