Дәрігерлер басына оқ тиген науқастың өмірін сақтап қалды

17 Шілде 2020, 18:55
1584
Бөлісу:
Дәрігерлер басына оқ тиген науқастың өмірін сақтап қалды

Алматы, BAQ.KZ. Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтары күрделі операция жасап, нәтижесінде науқастың бас сүйегінен оқ алып, ер адамның өмірін сақтап қалды. Бқл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарма таратқан мәліметте 16 шілде күні №4 ҚКА қабылдау бөліміне сол жақ маңдай-самай аймағынан қан кеткен 38 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген.
Ашық бас сүйек-ми жарақаты. Бас сүйектің оқпен атылуы. Мидың ауыр дәрежедегі соғылуы эпидуральды гематомамен және маңдай-самай бөліктерімен бөгде дененің (оқтың) қысылуымен байланысты. Маңдай және самай сүйектерінің фрагменттік сынуы. Бас сүйегінің рентгенограммасында суретінің 2 проекциясында қара-самай аймағындағы қара сүйегінің сынуы және бас миының паренхимасының зақымдануы бар металдан жасалған бөгде дененің табылғаны расталды, - дейді Алматы қаласы №4 Қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургі Тимур Айтмұханов.
Жарадан қан кету салдарынан ер адам шұғыл түрде анестезия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылған. 
Операция 2 сағат 50 минутқа созылды. Бас сүйектен оқты алып тастау күрделі дәрежелі міндет, нейрохирургтар мидың зақымдану қаупін және оның маңызды функцияларын ескерді. Дәрігерлер операциядан кейін ағзаның барлық органдары мен жүйелерінің жұмысын барынша қалпына келтіруге міндеттелді. Операция сәтті өтіп, науқас қазір есін жиды, - делінген хабарламада.
Операциялық бригада: оператор-дәрігер- Тимур Мұратұлы Айтмұханов, ассистент Бауыржан Асқарұлы Бекбаев, анестезиолог – Асқар Көкталұлы Сандыбаев, операциялық мейірбике – Рашида Иманжановна Турдахунова.
Өзгелердің жаңалығы