COVID-19: ДДСҰ өкілі Қазақстанның бастамасына ризашылығын білдірді

17 Шілде 2020, 18:03
1513
Бөлісу:
COVID-19: ДДСҰ өкілі Қазақстанның бастамасына ризашылығын білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа бойынша аймақтық директоры доктор Ханс Клюге Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

Мен пневмонияға шалдығып, Сovid-19 белгілері бар пациенттерді ДДСҰ-ның референс-зертханаларында тестілеу мүмкіндігіне келісім берген үшін Қасым-Жомарт Тоқаев басқарған үкіметке, Денсаулық сақтау министрлігіне ризашылығымды білдіремін. Бұл нақты, стандартталған медициналық ақпаратты беріп, ғылыми негізделген саясатты ұстануда өте маңызды қадам, - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, бүгін коронавирус және пневмонияға шалдыққандар статистикасы 1 тамыздан бастап біріктірілетіні белгілі болды. ДСМ COVID-19-дың статистикалық мәліметтер есебін таратуда жаңа әдістерді белгіледі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық кеңсесінің төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры, дәрігер Дорит Ницзан жолдаған бейнежолдауында Қазақстандағы жағдай жақсарып келе жатқанын айтты. Өз кезегінде Ханс Клюге Денсаулық сақтау министрлігі аурудың жаңа жіктемесін пайдалану туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл COVID-19 инфекциясы болуы мүмкін бар пациенттерді дұрыс жіктеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы