Жасотандықтар дәрігерлерге "Денсаулық себетін" табыстады

17 Шілде 2020, 20:18
1508
Бөлісу:
Жасотандықтар дәрігерлерге "Денсаулық себетін" табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 айға жуық уақыт бойы өз өмірлерін қатерге тігіп бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс білдіріліп, қолдау көрсетілді. 

Осы орайда, жасотандықтар "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясын бастаған болатын.

Акция бойынша жасотандықтар адам өміріне араша түсіп жүрген дәрігерлерге, медбикелерге арнайы әзірленген "Денсаулық себетін" табыстады.

Бұл акция Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласының жасотандықтарынан бастау алды.

Бұл іс-шарада дәрігерлерге арналған "Денсаулық себеті" табысталды. Әрбір пакетте дәрігерлерге арналған витаминдер мен пайдалы қасиеттері бар өнімдердің оннан астам түрі салынды. Пакеттерге салынған өнімдер дәрігерлердің ұсынысы бойынша салынды, - дейді "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Жанділда Бақдаулет Болатұлы. 
Акция барысында барлық сақтық шаралары да қатаң ескеріледі.
"Дәрігерлерге мың алғыс" акциясына 700-ге жуық еріктілер ат салысатын болады. Олардың әрқайсысы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Акция барысында барлық сақтық шаралары сақталды, – дейді "Jas Otan" жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары Мағзұм Арсланбек.

Өзгелердің жаңалығы