Ақтауда елдің үрейін алған арыстан Алматыға жеткізілді

17 Шілде 2020, 13:10
2468
Бөлісу:
Ақтауда елдің үрейін алған арыстан Алматыға жеткізілді

Алматы, BAQ.KZ. "Симба" атты лақап атқа ие болған ақтаулық арыстан Алматыға жеткізілді. Бұл туралы "Kazakh Tourism" ҰК АҚ басқармасының төрағасы әрі бұрын хайуанаттар бағының директоры болған Ерлан Еркінбаев хабарлады.

Симба Алматыға аман-есен ұшып келді. Әзірге ол карантин жағдайында болады, оған біз үйшік жасап береміз. @snowleopard_kz жылдам әрі жайлы шешім таңдауда. Қалай ойлайсыздар үйшікті экспозициялық шыныдан әлде тордан жасаған дұрыс па?,- деп жазды ол instagram парақшасында.

Аңды Алматыға жеткізу үшін арнайы қоршау әзірленіп, ұшақпен жеткізілген.

Айта кетсек, маусымның 25 күні ауыл тұрғындары көшеде еркін жүрген аңды байқаған. Маңғыстау облыстық полиция қызметкерлері мен орманшаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау өңірлік қызметкерлері оны ұстады. Кейін белгілі болғандай иесі одан бас тартқан. Оған 10 АЕК көлемінде айыппүл салынды. Жануарды Алматы қаласындағы хайуанаттар бағы асырап алуға келіскен.
Өзгелердің жаңалығы