Ғалымдар COVID-19-ға қарсы жаңа препарат ойлап тапты

17 Шілде 2020, 10:01
1846
Бөлісу:
Ғалымдар COVID-19-ға қарсы жаңа препарат ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Формула вирус жұққан кезде жауап ретінде жүретін ағзаның жасушалары бөлетін интерферон-ақуыздарға негізделген.

Чили ғалымдары интерферондар негізінде коронавируспен күреске арналған дәрі ойлап тапты, деп хабарлайды 24 Horas жергілікті телеарнасы.

Консепсьонда COVID-19-ға қарсы ингалятор арқылы әрекет ететін алғашқы чилилік препараты жасалып жатыр. Оның формуласы интерферондарға негізделген (вирус жұққан кезде одан қорғану үшін ағзаның жасушалары бөлетін ақуыздар), препараттың адамдарға сыналуы үшін рұқсат беру мәселесі қаралып жатыр, - делінген хабарламада.

Дәрілік затты әзірлеуші, Консепсьон университеті физиология кафедрасының басшысы Хорхе Толедо "егер пациентті интерферонмен алдын ала ынталандырса, онда инфекция жұққанда, ағзаға түсетін вирустық жүктеме аз болады", деп түсіндірді.

Ғалымдар әзірлеген препарат дәрі емес, бұл аурудың алғашқы кезеңдерінде қолдануға болатын және жақсы нәтиже беруі мүмкін қосымша.

Өзгелердің жаңалығы