Айдос Ербосынұлының келесі қарсыласы анықталды

17 Шілде 2020, 23:15
1082
Бөлісу:
Айдос Ербосынұлының келесі қарсыласы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (13-0, 9 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ербосынұлы 26 шілдеде Беларусь астанасы Минскте өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. 28 жастағы жерлесіміздің қарсыласы - Нигериялық Нуху Лаваль (27-6, 15 КО).

Айта кетейік, Ербосынұлы мен Лаваль он раундтық жекпе-жек өткізеді. Қос қарсылас Ербосынұлына тиесілі WBO Global, WBC Asia және WBA International титулдарын сарапқа салады.

Өзгелердің жаңалығы