Абақтыдағы әйелдер дәрігерлер үшін кондитерлік тағамдар әзірледі

17 Шілде 2020, 22:50
1853
Бөлісу:
Абақтыдағы әйелдер дәрігерлер үшін кондитерлік тағамдар әзірледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында мекеменің наубаханасында жұмыс істейтін сотталған әйелдер "Вупи-пай", "Қызыл бархат", "Сүтті қыз" торттарын және кондитерлік тағамдары мен тандыр нан, тоқаш, кекс, пісіріп, мекеме қызметкерлері арқылы ақ халатты жандарға жолдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/21 мекемесінің қызметкерлері алдыңғы қатарда пандемияға қарсы күресіп жатқан ақ халатты жандарға қолдау көрсетті. Мекеме қызметкерлері өтіп жатқан акцияны қолдап, өз үлестерін қосты. Жиналған қаражатқа азық-түлік, жеміс-жидек, сусындар мен тәтті-дәмділер алынды.
 
Мекеме басшысы Ж.С.Алтаевтың басшылығымен және әкімшіліктің қолдауымен алынған заттарды Қалбатау ауылында орналасқан орталық аудандық ауруханада ауырып жатқандарға және аурухананың тынымсыз еңбек атқарып жүрген ақ халатты жандарға шексіз алғыстарын, рахметтерін айтып табыс етті.
Біздің айтқымыз келгені, осындай қиын қыстау кезінде халықпен бірге екенімізді білдіріп, әрқашан қолдау көрсетіп, осы дерттен аман-есен шығамыз дегіміз келді, - деді сотталған Фариза.

Орталық аудандық аурухана басшысы Е.Исабеков және дәрігер-инфекционист А.Айтбекен сотталған әйелдер мен мекеме қызметкерлеріне осындай қиын қыстау кезінде үлкен көмек көрсетіп қолдау білдіргендері үшін шексіз алғыстарын білдірді.


Өзгелердің жаңалығы