Все новости за 13 маусым 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
COVID-19: Елімізде қайтыс болғандар саны 73-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Бейжіңде коронавирус індетінің жаңа оқиғасы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің ең ірі базары – Синьфадиде қызметкерлерді коронавирусқа тексеру жұмыстары басталды.
-
Тағы екі науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Украина НАТО-ның әріптесі атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина НАТО-ның кеңейтілген өкілеті бар әріптес мәртебесіне ие болды. Бұл туралы 12 маусымда Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллис хабарлады.
-
Заңсыз қоқыс тастаған астаналықтарға 36 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада экологиялық полиция бөлімінің қызметкерлері қала сыртына рұқсатсыз қоқыс төгу фактілерін анықтау мақсатында рейд жүргізуде. Қала сыртына құрылыс қалдықтарын шығаратын кәсіпорындар мен қала тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылады (55 560 теңге айыппұл).
-
Дауылды ескерту. Аптап ыстық, найзағай, алапат жел
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райына байланысты 14 маусым күні еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады.
-
Карантин. Алматыдағы Көк базар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда коронавирусқа байланысты қаладағы ірі сауда орындарының бірі - Көк базар жабылды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
-
Қапшағайда әзірге лагерьлер жұмыс істемейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
-
Газды тегін тұтыну бойынша заңға өзгертулер енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда Қазақстанда шикізат ретінде газды пайдалана отырып, мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру бойынша бірқатар жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Алайда бұдан бұрын осы жобаларды газбен қамтамасыз ету тетігі орнатылмаған, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
-
Жеңіс-75. Қазақстандық әскерилер Мәскеудегі парадқа қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, генерал-майор Дәулет Оспанов бастаған Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдаушы әскери қызметшілерінің салтанатты есебі Екінші дүиежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Ресейге барды.
-
"Ертіс орманы" табиғи резерваты өртеніп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 маусымда сағат 12:55-те "Ертіс орманы" табиғи резерватының Шалдай филиалының Галкин орман шаруашылығының аумағында орман өрті анықталды.
-
Референдум туралы заң күзде қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада референдум туралы заң күзде қабылданады. Заң жобасына 18 маусымдағы бірінші оқылымда дауыс берілуі мүмкін. Алайда заң күзде қабылданады, деп хабарлады korrespondent.net.
-
PlayStation-ның жаңа нұсқасы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонның Sony компаниясы PlayStation ойынының консолі мен оған арналған жаңа ойындарды ұсынды.
-
Шығыс Қазақстанда карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның таралуы мен COVID-19 аурушаңдығының өсу деңгейінің өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
-
Ақтөбеде 10 жасар бала туған күнінде суға батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 10 жасар бала өз туған күнінде суға батып кетті. Ал оның 12 жастағы ағасы жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
-
Семейлік кәсіпкерлер COVID-19-ға байланысты шектеу шараларын қолдап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының кәсіпкерлерімен онлайн кездесу өткізді.
-
Алматы облысының туристік нысандарының жанынан автозертхана ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында туристік нысандарға карантиндік шаралар күшейтілді.
-
Коронавирус әлі тағы да әбігерге салады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус бізді әлі тағы да әбігерге салары анық, деп facebook-тегі парақшасындағы "жеке карантин" жайлы жазбасында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жазды.
-
Қорғалжын сапары. Қорық әлі ашылған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің бірнеше өңірінде тұратын атсүйер азаматтардың басын қосқан Қорғалжын сапары бастылды.
-
2022 жылға дейін орташа әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылға дейін орташа әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің facebook-тегі парақшасында жариялады.
-
Ауғанстанда содырлар шабуылынан 7 қызметкер қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстандағы содырлардың шабуылынан қауіпсіздік қызметінің жеті қызметкері қаза тапты, деп хабарлады gazeta.ru.
-
24 сағат. Ресейде коронавирустан 114 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде бір тәуліктің ішінде коронавирус індетіне шалдыққан 114 науқас көз жұмды.
-
"Бәрінен бұрын мен – қазақпын". Бүгін Денис Тен 27 жасқа толар еді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Спортшы тірі болғанда 27 жасқа толар еді. Елді тек өнерімен тәнті етіп қана қоймай, асыл мінезімен де көптің жүрегінен ерекше орын тапқан Теннің қайтыс болғанына биыл екі жыл толады.
-
Бұқтырмада қайық аударылып, жас жігіттер суға батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасына екі жігіт батып кетті, деп хабарлады altaynews.kz.
-
Елде саяси реформаларға деген үміт пайда болды – саясаткер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті болып сайланғанына бір жыл толды. Нақты айтсақ 2019 жылы 9 маусым күні кезектен тыс өткен президент сайлауында Тоқаев 70 пайыздан аса дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Бір жыл ұзақ уақыт емес, дегенмен президент осы аралықта қандай іс атқарды, күрделі кезеңдерде қалай әрекет ете білді, деген сауалды саясаттанушыларға қойған едік.
-
FIFA футболдан ұлттық құрамалар арасындағы жаңа рейтингті жаңартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. FIFA футболдан ұлттық құрамалар арасындағы жаңа рейтингті жариялады, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Президент Бекболат Тілеуханның тезірек сауығып шығуын тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter аккаунтындағы жазбасында коронавирус індетін жұқтырған Бекболат Тілеуханның сауығып шығуын тіледі.
-
Бір тәулік. Әлем бойынша 141 мыңға жуық адам коронавирустан қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың рекордтық тәуліктік көрсеткіші тіркелді. Қайтыс болғандар саны 141 мыңға жуықтады, деп хабарлады korrespondent.net.
-
Түркістан: COVID-19 инфекциясын жұқтырған нәрестенің жүрегіне ота жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туғанына небәрі 11 күн болған сәби Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сайрам ауданынан ауыр халде жеткізілген.
-
Помпео Қытай үкіметі өкілдерімен кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Гавайядағы ҚХР үкіметі өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Politico газеті дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.
-
Қарағанды сүт кәсіпорны Қытайға тауар импорттаушылар тізіміне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ."Еуразия Инвест ЛТД" Қарағанды компаниясы Қытай нарығына жол ашты. Ол үшін бес жыл бойы күрделі жұмыстар атқарылды.
-
Мамырда 161,3 мың жұмыссыз тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 195 272 теңгені құрады, деп хабарлады статистика комитетінің баспасөз қызметі.
-
Базардағы COVID-19. Бейжіңде жаппай тексеріс басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда нысаны дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында қызметін тоқтатты, базардағы азық-түліктің бір бөлігі тексеруге жіберілді, деп хабарлады korrespondent.net.
-
Сауран көшесі 18 маусымға дейін жартылай жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Қорқор шегетіндер коронавирустан қорықпай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде COVID-19 індетіне сенбейтіндер, өкінішке қарай, азаймай тұр. Күніне, тіпті санаулы минуттарда коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп жатқаны, сақтық шараларын барынша сақтау қажеттігі қанша ескертіліп жатса да, пандемияға пысқырмайтындар бар.
-
Франция туристер үшін шекарасын ашады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция билігі Шенген келісімі елдерінің сыртқы шекараларының 1 шілдеден бастап ашылатынын хабарлады.
-
Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 35 жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясы белгілері бар жаңа 35 жағдай тіркелді.
-
ҰБТ кезінде оқушылардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тестілеу кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Түлектердің ата-аналары үйде қалуы тиіс. Олар үшін аудиториялардан онлайн көрсетілім ұйымдастырылады.
-
Індеттің белгілері жоқ 623 тасымалдаушы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 623 тасымалдаушы тіркелді.
-
Қарағанды облысында карантин талаптары күшейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында екі жерге блок-бекет қойылды. Аймақта бүгіннен бастап карантин талаптары күшейді, деп хабарлайды 24.kz.
-
Сенбі, 13 маусымға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Тек республиканың оңтүстігінде, батысында күн ашық. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Елімізде өткен тәулікте 366 адам коронавирус инфекциясымен ауырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикада өткен тәулікте 366 адам коронавирус індетін жұқтырған. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Қыркүйекте таеквондодан төрт бірдей жарыс өткізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық таеквондо федерациясы COVID-19 пандемиясының салдарынан Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылғанына байланысты жарыс кестесіне өзгеріс енгізу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
-
Коронавирус кесірінен әлемдегі музейлердің 10% жабылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пен карантин мәдени өмірге айтарлықтай әсер еткені белгілі.Коронавирус кесірінен әлемдегі музейлердің 10% жабылуы мүмкін, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
Шағын футболдан Бейсен Құранбек атындағы жарыс өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда бұқаралық ақпарат құралдары арасында шағын футболдан белгілі журналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті. Жарысқа Жетісу өңірінен 6 команда қатысты. Бұл туралы Рrosports.kz жазды.
-
Павлодарда көлік қаққан жаяу жүргінші көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғасы Назарбаев даңғылында орын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Мақтаарал диқандары мың тонна қарбызды экспортқа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтааралдық диқандар бақша дақылынан алғашқы өнімін экспортқа шығарып үлгерді. Өңірде қарбыздан 1000 тонна және қауынның 20 тоннасы ТМД елдеріне тасымалданған. Бұл туралы Мақтаарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлім етті.
-
Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы күзде аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жаңа кәріз-тазарту кешенінің құрылысы 2020 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарлануда.
-
Қонаев көшесі 13-15 маусым аралығына жартылай жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қонаев көшесі 13-15 маусым аралығына жартылай жабылды. Жүргізушілерге кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қызылордада жол құрылысы қарқынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылора облысының Жаңақорған, Шиелі аудандарында құрылыс жұмыстары мен жол жөндеу ісі қарқын алған. Күннің ыстығы мен карантинге қарамастан қызу жұмыс жүруде. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Шымкентте "Менің емханам" көпсалалық клиникасы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жуырда "Менің емханам" көпсалалық клиникасы ашылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Наверх