Шығыс Қазақстанда карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды

13 Маусым 2020, 17:03
1347
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның таралуы мен COVID-19 аурушаңдығының өсу деңгейінің өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.

Семей қаласында:

- азық-түлік емес тауарлар саудасы объектілерінің жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және азық-түлік тауарлары сауда объектілерінің жұмыс уақыты сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін қысқартылды;

- азық-түлік емес тауарлармен көтерме-бөлшек және (немесе) бөлшек сауда объектілеріне, ірі сауда объектілері мен кешендеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, алаңы 2000 шаршы метрден асатын көлемге тыйым салынды;

- азық-түлік емес және әмбебап базарлардың жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қысқартылды;

- кинотеатрларға (кинозалдарға) және театрларға 50%-дан аспайтын отыратын орын толтыру бойынша шектеу сақталды;

- монша, сауна жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарды;

- қоғамдық тамақтану объектілері үшін жалпы жобалық сыйымдылықтың 50%-нан аспайтын келушілерді толтыру және бір мезгілде болу бойынша, сондай-ақ ашық алаңдарда шектеулер қысқартылды;

- күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, барлық меншік нысанындағы спорт объектілерінің (фитнес клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін қысқартылды;

- түнгі клубтарға( дискотекалар), барларға, кальяндарға, караоке орындарына тыйым салынды;

- ХҚКО-ның жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қысқартылды;

- діни бірлестіктер мен діни ғибадат объектілері қызметінің шектелуін сақтау және сиымдылықтың 50%-нан аспайтын діни және басқа да рәсімдер залдардың жұмысына тыйым салынады

- Бұқаралық (ұжымдық) іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы