Қыркүйекте таеквондодан төрт бірдей жарыс өткізілуі мүмкін

13 Маусым 2020, 07:45
1058
Бөлісу:
Қыркүйекте таеквондодан төрт бірдей жарыс өткізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық таеквондо федерациясы COVID-19 пандемиясының салдарынан Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылғанына байланысты жарыс кестесіне өзгеріс енгізу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.

Нәтижесінде, халықаралық федерация маусым мен шілде айларына жоспарланған барлық жарысты өткізбейтін болды. Таеквондодан карантиннен кейінгі алғашқы жарыс тамыз айында өтеді деп жоспарлануда. Олар: KIM UN YONG CUP INTERNATIONAL OPEN TAEKWONDO CHAMPIONSHIPS және Malaysia Open. Одан кейін қыркүйек айында бірден төрт жарыс күтіп тұр. Олар: Polish Open, Mount Everest Open, Russian Open, Tallinn Open.


Өзгелердің жаңалығы