Мамырда 161,3 мың жұмыссыз тіркелген

13 Маусым 2020, 11:23
1234
Бөлісу:
Мамырда 161,3 мың жұмыссыз тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 195 272 теңгені құрады, деп хабарлады статистика комитетінің баспасөз қызметі.

2020 жылғы сәуірдегі халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 109 897 теңгені (алдын ала деректер) құрады. Бұл 2019 жылғы сәуірге қарағанда 5,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1%-ке төмендеді, - делінген хабарламада.

ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы I тоқсанда 442,4 мың адамды құрады. 

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы мамырдың соңына 161,3 мың адамды немесе жұмыс күшіне 1,7%-ын құрады.

Өзгелердің жаңалығы