Ақтөбеде 10 жасар бала туған күнінде суға батып кетті

13 Маусым 2020, 16:43
1429
Бөлісу:
Ақтөбеде 10 жасар бала туған күнінде суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 10 жасар бала өз туған күнінде суға батып кетті. Ал оның 12 жастағы ағасы жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.

12 маусым шамамен сағат 17:10-да К. Нокин даңғылында орналасқан “Жабайы” жағажайы маңында “Елек” өзенінде 2010 жылы туған кәмелетке толмаған бала табылды, өкінішке қарай ол медициналық көмек көрсету кезінде көз жұмды, - делінген ведомство ақпаратында.
Анықталғандай, анасы төрт баласымен өзенге келіп, екі баласының қалай суға кеткенін байқамаған. Құтқарушылар мен өзен жағасындағы адамдар балаларды судан алып шықты, алайда 10 жастағы баланы құтқара алмаған, ал 12 жастағы ағасы жансақтау бөліміне жеткізілді. 
Ыстық ауа райының басталуына байланысты жазғы кезеңде балалардың су жағажайларында қаза болуына жол бермеу мақсатында ата-аналарға табиғи және жасанды су жағажайларында өзін-өзі ұстау ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы өтініш білдіреміз. Балаңызға судағы қайғылы оқиғалар туралы ескертіңіз. Биыл жыл басынан бері бұл - суға батып кеткен екінші бала, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Өзгелердің жаңалығы