FIFA футболдан ұлттық құрамалар арасындағы жаңа рейтингті жаңартты

13 Маусым 2020, 13:10
1588
Бөлісу:
FIFA футболдан ұлттық құрамалар арасындағы жаңа рейтингті жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. FIFA футболдан ұлттық құрамалар арасындағы жаңа рейтингті жариялады, деп хабарлады Olympic.kz.

Алайда, өткен айдағы рейтингтен аса өзгеріс болмаған. Себебі, коронавирус инфекциясына байланысты әлемнің барлық құрамалары ешқандай ойын өткізген жоқ. Халықаралық деңгейдегі кездесудің барлығы кейінге шегерілді. Кейбірі мүлдем өткізілмейтін болып шешілді. Жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан құрамасы 118-орында тұр. Бельгия командасы көш бастаса, Франция - екінші, Бразилия үшінші орында тұр. 

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы 2020 жылдың 3 қыркүйегі мен 17 қарашасы аралығында UEFA Ұлттар лигасының С дивизионында төртінші топта Албания, Беларусь және Литва құрамаларымен кездесу өткізеді. FIFA рейтингісінде Албания - 66, Беларусь - 87, Литва – 131-орында.

Өзгелердің жаңалығы