"Ертіс орманы" табиғи резерваты өртеніп жатыр

13 Маусым 2020, 18:03
2860
Бөлісу:
"Ертіс орманы" табиғи резерваты өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 маусымда сағат 12:55-те "Ертіс орманы" табиғи резерватының Шалдай филиалының Галкин орман шаруашылығының аумағында орман өрті анықталды. 

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет facebook-тегі парақшасында жазды.

Қазір резерват пен "Қазавиаорманқорғау"  РМҚК күшімен орман өртін сөндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Орман өртін ауыздықтауға 6 адам ("Қазавиаорманқорғау" РМҚК десантшылары), МИ-2 тікұшағының жеке құрамы бар, 5 өрт сөндіру көлігі, өртке қарсы жабдығы бар 2 трактор (резерват) және 2 жеңіл автокөлік жұмылдырылды, - деп хабарлады ол.

Хабарланғандай, өрт сөндіруге жұмылдырылғандардың нақты саны нақтылануда. Өрт себебі - найзағай разряды.

Өрт шыққан сәтте ауа температурасы +34 С құрады. Оңтүстік-батыс бағыттағы жел жылдамдығы 10 м / с құрап отыр. Өрттің болжамды алаңы 100 га (орман дақылдары).Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы