Помпео Қытай үкіметі өкілдерімен кездеседі

13 Маусым 2020, 11:55
1002
Бөлісу:
Помпео Қытай үкіметі өкілдерімен кездеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Гавайядағы ҚХР үкіметі өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Politico газеті дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Газеттің мәліметтері бойынша, Помпеоның сапарына қатысты жоспарлар әлі де пысықталуда.

Мемлекеттік департамент бұл ақпаратқа қатысты басылымға түсініктеме беруден бас тартты. Ал АҚШ-тағы Қытай елшілігі Politico сауалына жауап бермеген.

Соңғы уақытта АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас Қытай парламенті әзірлеген елдің арнайы әкімшілік ауданының Гонконгтің ұлттық қауіпсіздігін қорғау туралы заң жобасының салдарынан қайта шиеленіскен. Вашингтон бұл әрекетті оның жоғары автономиясын жоюға бағытталған деп есептейді. 

АҚШ президенті Дональд Трамп санкцияны қолдануға және Гонконгтың арнайы мәртебесін қайтарып алуға тыйым салды. Қытай кез келген сыннан бас тартып, Гонконгке қатысты шешім ішкі мәселе екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, АҚШ Қытайды коронавирустың таралуы бойынша деректерді жасырды және дер кезінде әрекет етпеді деп үнемі айтыптайды. Қытай билігі коронавирустық инфекция індеті туралы деректерді жариялауға қатысты ашық және жауапты әдістерді басынан бастап ұстанғанын бірнеше рет мәлімдеген.

Өзгелердің жаңалығы