Украина НАТО-ның әріптесі атанды

13 Маусым 2020, 20:41
1820
Бөлісу:
Украина НАТО-ның әріптесі атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина НАТО-ның кеңейтілген өкілеті бар әріптес мәртебесіне ие болды. Бұл туралы 12 маусымда Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллис хабарлады. 

Ол Грузия, Иордания, Австралия, Финляндия және Швецияда ғана бар мәртебені Украинаға беру туралы одақ елдерінің шешімін қолдаған.

Кеңейтілген өкілеті бар мәртебе - одаққа мүше елдер мен Солтүстік атлант келісімі бойынша операцияларға елеулі үлес қосқан әріптестер арасында қарулы күштер үйлесімділігін дамытуды көздейтін НАТО бастамасы.

Мұндай мәртебесі бар Украина енді үйлесімділік бағдарламасын кеңінен пайдаланып, біріккен жаттығуларға қатысу, ақпарат, тәжірибе алмасу кезінде артықшылыққа ие болады.

Ұлыбритания Украинамен тығыз қарым-қатынас орнатқан, британ сарбаздары Украинада 18 мың сарбаз және әскерге арнап жаттығу өткізген. Бұл әріптестік одан әрі нығаяды деп ойлаймыз. Қарулы күштер үйлесімділігі артса, одан бәріміз ұтамыз. НАТО одағы осындай әріптес тапқанына қуанады, - деді Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллис.

2019 жылдың қазан айында Украинаға НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг бастаған Солтүстік атлант кеңесінің мүшелері сапарлап барған. Киевке бармай тұрып делегация Қара теңіз жағасында одақ мүшелерінің кемелері қайрылған Одесса портында болған.
Өзгелердің жаңалығы