Ауғанстанда содырлар шабуылынан 7 қызметкер қаза тапты

13 Маусым 2020, 14:53
1502
Бөлісу:
Ауғанстанда содырлар шабуылынан 7 қызметкер қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстандағы содырлардың шабуылынан қауіпсіздік қызметінің жеті қызметкері қаза тапты, деп хабарлады gazeta.ru.

Ауғанстанның Гор провинциясында "Талибан" жақтастарының шабуылынан қауіпсіздік қызметінің кем дегенде жеті қызметкері қаза тапты. Шабуыл жұма күні кешке Пасабанд уезінде жасалды, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Кабулда мешіттегі жарылыстан төрт адам қаза тапқан.

Нәтижесінде төрт адам қайтыс болып, тағы алты адам зардап шекті. Жұма намазы кезінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы жарылған.
Өзгелердің жаңалығы