Бір тәулік. Әлем бойынша 141 мыңға жуық адам коронавирустан қайтыс болды

13 Маусым 2020, 12:31
1828
Бөлісу:
Бір тәулік. Әлем бойынша 141 мыңға жуық адам коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың рекордтық тәуліктік көрсеткіші тіркелді. Қайтыс болғандар саны 141 мыңға жуықтады, деп хабарлады korrespondent.net.

Бразилия коронавирустан қайтыс болғандар саны жағынан екінші орынға шықты. Бразилияда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 828 810 адамды құрап отыр. Сенбідегі жағдай бойынша онда 41 901 адам қайтыс болған. 

Өлім-жітім бойынша, әзірге, АҚШ көш бастап тұр. Онда 116 825 адам шығыны тіркелді. 

Жалпы әлем бойынша коронавирус індетін  жұқтырғандар саны 7 739 831 адамды құрап отыр. Оның ішінде 428 337 адам қайтыс болса, 3 966 262 адам емделіп шыққан.
Өзгелердің жаңалығы