Все новости за 19 наурыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Бірнеше елде жұма намазы оқылмайтын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирус індетінің өршуіне байланысты бірқатар елдердегі мешіттерде жұма және басқа да намаздарды оқу уақытша тоқтатылды. Жағдайға байланысты Араб елдері, Орта Азия мемлекеттері, басқа да мұсылман мемлекеттері арнайы пәтуа шығарды, деп жазады Muftyat.kz.
-
ШҚО-да қар көшкініне байланысты жол жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен-Алтай тасжолы уақытша жабылады.
-
Коронавирус: Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды. Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
Көркем гимнастикадан ел үздіктері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының кубогі өтті.
-
Елорда полигондарына 6 млн текше метр қар шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 50 жылда биылғы қыс мезгілі ең қарлы кезең ретінде есте қалады. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
-
АӘК тағайындау проактивті форматқа ауыстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалатын болады. Шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін енгізіледі.
-
Төтенше жағдай: жылдық декларацияны ұсыну мерзімі ұзартылды
2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылған электронды декларациялар уақытында табыс етілген болып саналады.
-
Төтенше жағдай: әрбір елордалықтың назарына!!!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы жедел штабтың шешімін жариялады.
-
Төтенше жағдай: Футболшыларға еңбекақы төленбейді
Ақтаулық "Каспий" футбол клубы Қазақстанда COVID-19 вирусының өршуі салдарынан енгізілген төтенше жағдайға байланысты ойыншылармен келісім-шартты тоқтатты.
-
Коронавирусты 30 минутта анықтайтын жаңа тест жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританиялықтар ойлап тапқан тест жарты сағат ішінде инфекцияны анықтайды.
-
6 сәуірден бастап оқушыларға сабақ телеарналар арқылы оқытылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда мектеп оқушыларына каникулдан кейін телеарналар арқылы оқытылады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазақстан" арнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында айтылды.
-
Қытайда коронавирус кесірінен 5 млн адам жұмыссыз қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болжам бойынша, жыл соңына дейін Қытай Халық Республикасында жұмыссыздар саны екі есеге артады, өйткені Қытай экономикасына эпидемия қатты соққы тигізді.
-
Аймағамбетов: Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЮНЕСКО-ның ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 107 мемлекетте орта білім беретін мектептер толық жабылған. Бұл – 861 млн оқушы білім алуын тоқтатты деген сөз. Бұған қоса, 12 елдің кейбір қаласында орта білім беру ошақтары жұмыс істемейді.
-
Ибрагим Ескендір: Еңсең түспесін, Алашым!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әнші әрі боксер Ибрагим Ескендір елдің еңсесін көтеру мақсатында "Бір – біргеміз!" деп ән шырқады.
-
Қызылордалықтар ел амандығы үшін құрбандық шалуда
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының жер-жерінде тұрғындар елдің амандығы үшін құрбандық шалып, дұға тілеп жатыр.
-
Байбек: "Елбасы моделі" ұғымы сараптамалық және ақпараттық дискурсқа берік кірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін өз еркімен тоқтатқан күніне жыл толуына орай пікір білдірді.
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде президент реформаларының іске асырылу барысы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 18 наурызында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің жұмыс кездесуі өтті.
-
Тоқаев: Инфляция деңгейінің өсуіне қарсы жұмыстарға ерекше назар аудару керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Тоқаев Нұр-Сұлтанның кіреберісіндегі бақылау-өткізу бекетіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының таралуына байланысты елімізде Төтенше жағдай жарияланып, елордада карантин енгізілгеннен кейін Жібек жолы ауылы маңына қойылған №6 бақылау-өткізу бекетіне барып, жұмысымен танысты.
-
Коронавирус: ІІМ қызметкерлері бір күндік жалақысын аударады
Оның айтуына қарағанда, COVID-19-ға қарсы күреске және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет етуге қажетті медициналық шараларды іске асыруға 400 миллион теңге жұмсалады.
-
Алматыда коронавируспен күреске арнайы шот ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров онлайн брифинг барысында партияның COVID-19 індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шарасына қосқан үлесі туралы баяндады.
-
Төтенше жағдай: Нұр-Сұлтан және Алматыдағы жолаушылар рейсі туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешімдерін орындау үшін 2020 жылғы 22 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап халықаралық және жүк рейстерін қоспағанда, барлық қазақстандық әуе компаниялардың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан тұрақты және тұрақты емес (чартерлік) жолаушылар рейстері тоқтатылады.
-
Шығыс Қазақстандағы қоғамдық көлік режиміне өзгерістер енгізілді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдегі барлық қоғамдық көліктер күніне үш рет зарарсыздандыру режиміне көшті.
-
Мереке күндеріне арналған дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 20-23 наурыз күндері еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.
-
Ертіс өңірінде отандық өндірісті қолдаудың жедел экономикалық шаралар жоспары әзірленуде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде кәсіпкерлік және отандық өндірісті қолдау мақсатында жедел экономикалық шаралар жоспары әзірленуде. Жергілікті билік төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнесті барынша қолдауға дайын.
-
Тоқаев бір жылда қандай жұмыстар атқарды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Ол Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артты. Елді басқарғанына бір жыл болған мемлекет басшысы жыл көлемінде қандай жұмыстар атқарды?
-
Алматыда "Сұңқар" тұрғын үй кешені жанындағы үш үй карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты.
-
Нұр-Сұлтан дәріханаларына 56 теңгелік маскалар жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 350 мың дана медициналық маскалар қалаға әкелініп, дәріханаларға таратылды. Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Зекен Исаков дәріханаларға әкелінетін және таратылатын бір медициналық масканың құны туралы айтты, деп хабарлады zakon.kz.
-
Коронавирус. Ресейде бір адам қайтыс болды
Алайда, хабарламада пациенттің өліміне коноравирустың қатысы бар-жоғы нақты айтылмайды.
-
#Желмая. Біз бұл індетті жеңіп шығамыз – Диас Ахметшәріп
"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
-
Қазақстан теңге бағамын аукцион арқылы ұстап тұрмақ
Бұл механизм кесімді бағаны анықтауға мүмкіндік береді (оған дейін сатуға болады), ол бойынша мәмілелердің барынша мүмкін көлемі жасалады. Осылайша, реттеуші ұлттық валюта бағамының одан сайын әлсіреуіне жол бермеуге тырысады.
-
Павлодар облысында 74 адам медициналық бақылауда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың деректері тіркелген жоқ. Дегенмен, алыс-жақын шет мемлекеттерден келген азаматтар дәрігерлердің бақылауына алынды.
-
Жамбылдық тергеушілер "бензин королінің" ісіне нүкте қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 1,5 млрд көлеміндегі ірі қаржыны жымқырған алаяқ ұсталды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
-
Медициналық мекемелер жабық: Ауырсаңыз, не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын карантинге жапты.
-
Төтенше жағдай кезінде павлодарлық кәсіби спортшылар жаттығуларын үзбейді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Әлем елдеріне қауіп төндірген коронавирустық инфекция көптеген спортшының жоспарларына өзгертулер енгізді. Бүгінде Ертіс өңірінде спорттық жаттығулар уақытша тоқтатылғанмен, кәсіби бокшылар жеке кестелері бойынша дайындалып жатыр.
-
22 наурызда елордаға кіретін жолдар толық жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары 22 наурыз сағат 00.00-ге дейін қалаға кіріп үлгеруі қажет. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына мыналарды ескертті.
-
Елбасы Қоры Алматыдағы коронавируспен күреске 100 млн теңге аударды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов онлайн-брифинг барысында айтты.
-
Қызыл Жарты ай қозғалысы қарттарға азық-түлік жеткізді
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара үйде жалғыз қалған егде жастағы адамдар мен мүгедектерге халықтың назарын аударту үшін қолға алынған.
-
Call-center: Бір мезгілде 1000-нан астам адамға қызмет көрсетіледі
-
Карантин жарияланған қалаларда Қазпоштаның жұмыс кестесі өзгерді
Алматы, BAQ.KZ. Жаңа жағдайларға байланысты және клиенттеріміздің мүдделерін ескере отырып, біз карантин режимі еңгізілген 2 қалада пошта бөлімшелерінің жұмыс кестесін өзгерттік, делінген "Қазпошта" АҚ таратқан мәліметте.
-
Қызылордалық тігіншілер масканы тұрмысы төмен отбасыларға, қарияларға тегін үлестіруде
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық бетперде тапшылығын жою үшін Қызылорда облысындағы тігін цехтары бетперде тігумен айналысуда.
-
Айдос Сарым: Елбасы ел үшін маңызды шешім қабылдауда саяси көрегендік танытты
Саясаткер Қазақстандағы саяси транзит жөнінде сөз қозғай келе, Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген шешім қабылдағанын айтады.
-
Екі адамға оқ тиіп, біреуі қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Хромтау қаласында ер адам оқ жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
7 науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған – Диас Ахметшәріп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған 7 науқастың бәрі бұрын ауырғандармен байланыста болған.
-
ҚТЖ: Вокзалдар вирусқа қарсы құралдармен қамтамасыз етілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚТЖ" ҰК" АҚ корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Серік Әбденов төрағалығымен Қазақстан қалалары теміжол вокзалдарының басшыларымен селекторлық кеңес болып өтті.
-
Елордада бір адам 5 келіден артық азық-түлік ала алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда тұрғындары карантин кезінде бір адамға азық-түлік сату бойынша шектеу енгізілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев айтты.
-
Зарема Шәукенова: Ол – әлемдік деңгейдегі саясаткер
Бір қызығы, бұл бастамалар Елбасының бұрынғы әріптестері – осы бірлестіктер мен диалогтарға кірген мемлекет басшыларынан шыққан.
-
Алаяқтар дезинфекция жұмыстарын жүргізу сылтауымен келуі мүмкін – полиция
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерге қырағы және сақ болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады, деп хабарлады департамент өкілдері.
-
Түркістан облысы ауруханаларында коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Емдеу мекемелері жаппай карантинге көшкен.
-
"Мен сіз үшін жұмыста қалдым, сіз мен үшін үйде болыңыз!"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланды.
-
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
-
Министрлік маска өндірісін бақылауға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ медициналық маска шығаратын отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін назар ұстап отыр.
-
Елордадағы Ramada Plaza қонақ үйі ауруханаға айналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Ramada Plaza қонақ үйі коронавирусты жұқтырған науқастарға арналған ауруханаға айналады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
-
Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады.
-
Тоқаевтың бір жылы. Үндеуден Үндеуге дейін
Сонымен, Қасым-Жомарт Кемелұлы бір жылдың ішінде қандай жұмыс істеп, қандай шешімдер шығарды, қандай заңға қол қойып, қай елдерге сапар жасады осыған тоқталсақ.
-
Коронавирус: Алматыдағы науқастың жағдайы орташа ауыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Науқастардың жағдайына келер болсақ, бір адамда өкпесінің созылмалы обструктивті ауруының болуына байланысты орта ауыр дәрежеде. Ал қалғандары қанағаттанарлық жағдайда.
-
Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.
-
Тиісті бұйрыққа қол қойдым – Дариға Назарбаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева палатаның жалпы отырысында ертеңгі күнге сеніммен қарап, бойымыздағы үрей мен күдіктен арылу қажет екенін айтты.
-
Қызылордада кафе иелері жауапқа алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер төтенше жағдай режимін бұзған төрт кафенің иесіне әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елордада бірнеше көшенің жол белгілері талапқа сай емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 10 көшенің бойындағы жол белгілері мемлекеттік стандартқа сай емес. Бұл туралы "Жол активтері ұлттық сапа орталығының" Нұр-Сұлтан қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда тағы бір блок бекет орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қосымша тағы бір блок бекет Ақмола облысында орнатылды.
-
Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Семейдегі ОВ-156/14 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен "ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты, деп хабарлады Zakon.kz.
-
Болат Өтемұратов қоры Covid-19 анықтау үшін экспресс-тест алуға 200 млн теңге бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қор Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында анализ алу үшін мобильді пунктер ұйымдастырады.
-
"Қазгидромет" алматылықтарға ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күннің жылынуына байланысты Алматы қаласында қар көшу қаупі туындады.
-
Нұр-Сұлтанға кіріп-шығуға тағы 3 тәулік берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22 наурыздан бастап ешқандай көлік-теміржол, әуе тасымалы жүзеге аспайды. Азық-түлік тасымалдайтын көліктер "жасыл дәліз" арқылы кіріп-шығады.
-
Төтенше жағдай: Қазақстанда жүрген шетелдіктердің ережелері қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полициясы төтенше жағдай кезінде шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін түсіндірді, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Алматыдағы COVID-19 ошағында қалған азаматтардың жұмыс орны сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа карантиндік жағдайға сәйкес қала ішіндегі тұрғындардың өмірі мен шаруашылық және басқа да "арнайы" режимге өтеді.
-
Төтенше жағдай: карантиндегі қалаларға көліктің кіріп-шығу тәртібі белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантинге байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келетін және шығатын жолаушыларды көлік түрлерімен тасымалдауды тоқтатылды.
-
Алматы полициясы қаланы айналып өту сызбасын көрсетті
Алматы, BAQ.KZ. 19 наурыз күні сағат 00: 00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ қаланың көлік артериясын түсіру тәртібін реттеу мақсатында Алматы полициясы қаланы облыс аймағы арқылы айналып өту жолының сызбасын картаға белгіледі.
-
Елбасы мемлекет басшыларының ішінде ең сергек қимылдаған тұлға – Ауыт Мұқибек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін өз еркімен тоқтатқанына дәл бір жыл толды. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Түркі дүниесінің Ақсақалы" деген мәртебелі атқа лайық тұлға екенін айтты.
-
Қарағандыда еріктілер тұрмысы төмен 40 отбасыға азық-түлік таратты
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылық еріктілер әлемдік пандемия уақытында аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіру, қамқор болу мақсатында азық-түлік тарату акциясын қолға алды. Еріктілерге студент жастар көмектескен.
-
Алматы көшелерін залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда
Алматы, BAQ.KZ. Таңертеңнен бастап қаланың адамдар көп шоғырланатын орындары мен көшелерін дезинфекциялау жұмыстары жалғасын тапты.
-
Нұр-Сұлтанда бірнеше күн қатарынан тұманды ауа райы сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері елордалықтарға дауылды ескерту жасады.
-
Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үйінен коронавирустың алғашқы ошағы анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Қауіпті вирус ошағы анықталған Сұңқар тұрғын үй кешені түгелдей карантинге жабылды. Бұл туралы STOPCOV.ALMATY телеграм каналы хабарлады.
-
Көкшетаулықтар той жасаудан бас тартуда
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирусқа байланысты Көкшетаудағы бірқатар мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары өз жұмыстарын уақытша тоқтатты.
-
Бүгін күн ашық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігіне әсер етеді, жауын-шашын жауады деп күтілуде, деп болжайды синоптиктер.
-
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 1 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
-
Карантиндегі студент қыз: Медбикелер бізге "қызым", "ботақаным" дейді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда 14 күнге оқшауландырылған астаналық Айдана Капен карантиндегі уақытының қалай өтіп жатқандығын, санитарлы-тазалық шараларының қалай орындалатындығын, медицина қызметкерлерінің өздеріне қарым-қатынасының қандай екендігін айтып берді.
-
Хабиб пен Тонидің жекпе-жегі Нью-Йоркте өтпейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы Бруклинде UFC 249 турнирін өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Қарағандыда азық-түлік бағасын қадағалау бойынша арнайы штаб құрылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақтың сауда орындарында азық-түлік бағасының негізсіз өсуін болдырмау және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің сатылымда болуын қадағалау мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда.
-
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақ чемпиондарын түгелдей жекпе-жекке шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Fight-library.com порталына берген сұхбатында кімдермен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты.
-
Қытайда коронавирустың емі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Фавипиравир" препараты жаңа коронавирус туындаған пневмонияны емдеудің тиімділігін көрсетті. Мұны клиникалық зерттеулер растады.
-
Түркістан аумағында сақтық үшін блок-посттар қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының карантин аумағына енгізілуіне байланысты сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне блок-посттар қойылатын болады. Онда келушілер арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана облыс аумағына енгізіледі.
-
Сағынтаев: Қаланы жабу – қауіптің алдын алу
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Төтенше жағдай режимін бұзған клуб анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде талаптарды сақтамай, заң бұзған тұрғынға хаттама толтырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Карантин: Нұр-Сұлтан қаласының жабылу сәті
Бас прокуратура карантин кезінде тәртіп бұзғандар 26 510 теңгеге (10 АЕК, 1 АЕК - 2651 теңге) көлемінде айыппұл төлейтінін немесе 15 тәулікке қамауға алынатынын ескертті.
-
Көкшетауда қолға арналған антисептик шығарыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында қолға арналған антисептик шығарыла бастады, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
-
Алматы ХҚКО қызметкерлері қала тұрғындарына өтініш айтты
Алматы, BAQ.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы фронт-офистерінің (ХҚО) қызметкерлері қазақстандық дәрігерлер бастаған челленджге қолдау көрсетіп, алматылықтарды коронавирус ахуалына байланысты үйде қалуға шақырды.
-
Тоқаевтың президент болғанына бір жыл болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылғанын және елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табатындығы туралы жазды.
-
Осы сәттен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәл қазіргі уақытта, яғни 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды.
Наверх