Осы сәттен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды

19 Наурыз 2020, 00:00
1916
Бөлісу:
Осы сәттен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәл қазіргі уақытта, яғни 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды.

Бұдан бөлек, адамдардың қозғалысы, көліктердің кіріп-шығуы шектеледі. Қоғамдық көлік қозғалысы күндізгі уақытта тоқтап немесе шектелуі мүмкін, я болмаса түнде мүлде қатынамайды.

Азық-түлікке жатпайтын тауар базарларын, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Ал, әуе рейстері мен теміржолдар 22 наурыздан бастап толық тоқтатылады.

Бұған дейін ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізетінін жазған болатынбыз. 

Сонымен қатар карантин кезінде екі қалаға кімдер кіре алатынын, қандай шектеулер қойылатыны және Нұр-Сұлтан мен Алматыға келіп-кететін пойыздар туралы хабарланды. Сондай-ақ карантин кезінде қала маңындағы елді мекен тұрғындары қандай жағдайда қалаға кіре алатындығы туралы да айтылды.

Өзгелердің жаңалығы