Көкшетауда қолға арналған антисептик шығарыла бастады

19 Наурыз 2020, 01:32
1921
Бөлісу:
Көкшетауда қолға арналған антисептик шығарыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында қолға арналған антисептик шығарыла бастады, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласындағы "Тұрмыстық химия зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экологиялық таза өніміне жұрттың сұранысы жоғары. Зауытта Қазақстанның солтүстік өңірлерін қамитын тұрмыстық химиялық заттардың бірнеше түрі шығарылады.

Елімізде коронавирус пандемиясына қатысты күрделенген жағдайға байланысты жергілікті зауыт қолға арналған антисептик шығары бастады. 

Біздің зауыт қысқа мерзім ішінде бактерияға қарсы және қолға арналған антисептик шығаруға бейімделіп, өндірісті іске қосты. Қазіргі кезде, "Есіл" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҰК" АҚ Басқармасымен 15 мың литр антисептикалық өнімге келісімшарт жасадық. Өндіріс толық қуатымен жұмыс істеуде, – дейді зауыт басшысы Фарук Құрмаев.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, қолға арналған антисептиктің құрамында дезинфекция жасайтын концентрат, жергілікті Айдабол спирті, глицерин, иістендіргіш және спецификалық қоспа бар. Кәсіпорын айына 60 мың литр өнім шығарады. 1,5 литр және 220 миллилитрлік құтыға құйылған антисептиктің бір литрі 1500 теңге тұрады. Бұл өңірдегі ең арзан қолға арналған антисептик.


Өзгелердің жаңалығы