Байбек: "Елбасы моделі" ұғымы сараптамалық және ақпараттық дискурсқа берік кірді

19 Наурыз 2020, 19:51
1799
Бөлісу:
Байбек: "Елбасы моделі" ұғымы сараптамалық және ақпараттық дискурсқа берік кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін өз еркімен тоқтатқан күніне жыл толуына орай пікір білдірді.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Liter.kz сайтына берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін өз еркімен тоқтатқан күніне жыл толуына орай пікір білдірді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қалыптасу жолындағы рөліне тоқталды.

Бұл біздің жаңа тарихымыздағы бұрылыс сәті болды. Ел дамудың жаңа кезеңіне көшті. Ұзақ уақыт бойы сарапшылар айтқан саяси транзит Конституцияға қатаң сәйкестікте, бірақ мүлдем күтпеген жерден өтті. Елбасы бұл жолы да өзінің стилін өзгерткен жоқ. Ол танымалдылықтың ең шыңында мемлекет басшысы лауазымын тоқтатты, мұны ешкім күтпеді. Шынайы көшбасшының орасан саяси ерік-жігері мен даналығы, мемлекет пен халықтың болашағына қамқорлық жасайтын мемлекеттің негізін қалаушының ұстанымы көрініс тапты, - деді ол.
Бауыржан Байбек Елбасының көшбасшылығы туралы сөз қозғады.
Нұрсұлтан Әбішұлының саяси көшбасшы ретіндегі бірегей ерекшеліктерінің бірі, ол әрқашан болашаққа, көптеген жылға ілгері қарап, ел мен қоғамның күрделі кезеңдерге дайындығына ерекше назар аудара білетіндігі. Нәтижесінде, бізде бүгінде Ұлттық қор мен 90 млрд АҚШ долларына сай алтын-валюта қоры бар. Яғни, Қазақстан күрделі мәселелерді шешуге дайын. Ол жылдары мұндай мүмкіндіктер мүлдем болған жоқ. Қазіргі жағдайдың 90-жылдардың басынан бергі жағдаймен арасындағы басты айырмашылығы осы. Мемлекеттің даму жолындағы Елбасының рөлі туралы айтар болсақ, бәрі неден басталғанын түсіну өте маңызды. Қазақстан өз Тәуелсіздігінің басында қандай жағдайда болды және Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен қандай жолдардан өтті, - деді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
"Елбасы моделі" ұғымына тоқталған Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары бұл ұғымның сараптамалық және ақпараттық дискурсқа берік кіргенін атап өтті.
Бұл ұғымда Нұрсұлтан Әбішұлының кәсіби және жеке қасиеттері, саяси беделі мен тарих барысын болжай білу қабілеті, зор өмірлік тәжірибесі жатыр. Бұл стратегиялық ойлау, даналық және көрегендік, тиімді команданы қалыптастыру қабілеті, адамдарға түсініп, оларға сену қабілеті. Ең бастысы – жауапты көшбасшылық қабілет, - деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, Тұңғыш президенттің тағы бір бірегей қабілеті - бұл түрлі пікірдің "алтын аралығын" таба білуі. Бұл Nur Otan партиясының саяси платформасында да, центризм идеологиясында да көрініс табады.

Өзгелердің жаңалығы