Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

19 Наурыз 2020, 12:19
1141
Бөлісу:
Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады.

Президенттердің пікірінше, эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет етуі маңызды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы жайында пікір алмасты.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.

Өзгелердің жаңалығы