Коронавирус: Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды

19 Наурыз 2020, 23:09
1899
Бөлісу:
Коронавирус: Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚР президенті Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды. Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын, - деп жазды Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті екенін айтты.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді, - деп жазды президент Twitter-ге.
Өзгелердің жаңалығы