Жәнібек Әлімханұлы орта салмақ чемпиондарын түгелдей жекпе-жекке шақырды

19 Наурыз 2020, 06:26
1513
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақ чемпиондарын түгелдей жекпе-жекке шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Fight-library.com порталына берген сұхбатында кімдермен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты. 

WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие Әлімханұлы 28 наурыз Квебекте алғаш рет Канадада жұдырықтасу керек болатын. Алайда бокс кеші коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді. Fight-library.com басылымымен сұхбат осы оқиғаға дейін болған еді.
Қарсыласымды құрметтеймін. Рэкорды жақсы, бірақ әлем чемпионы емес. Рингке қазақ стилін көрсетуге шығамын. Чемпиондармен жұдырықасуға дайынмын. Кеше де дайын болғанмын, бүгін және ертең де дайын боламын. Тек чемпиондармен айқасқым келеді. Осыдан кейін Top Rank маған чемпиондық жекпе-жек береді деген ойдамын. Чарло, Андраде мен "Канелоны" сабағым келеді. Күні-түні ойлайтыным осы. Top Rank дәл қазір қарсыласымды ауыстырып, Андрадені берсе дайынмын. Қарсыласым бөгде ғаламшарлық болса да, чемпиондық белбеу үшін онымен де жұдырықтасамын. Маған қарсыласым, оның аты және рэкорды маңызды емес. Маған әлем чемпионы титулы керек, – дейді Әлімханұлы. 

Өзгелердің жаңалығы