Сағынтаев: Қаланы жабу – қауіптің алдын алу

19 Наурыз 2020, 03:29
1022
Бөлісу:
Сағынтаев: Қаланы жабу – қауіптің алдын алу

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алматы облысының әкімі Амандық Батталовпен Қапшағай мен Талғар бағыттарындағы және Құлжа трактіндегі негізгі блок-бекеттердің дайындығын тексердік. Барлығы 27 бекет орнатылды. Мұнда полиция мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, фито және ветеринариялық бақылау департаментінің мамандары қызмет атқаруда, – деп жазды.

Қала әкімінің айтуынша, қызмет көрсету үшін қажеттінің бәрі бар.
Кезекшілік бірнеше ауысым бойынша ұйымдастырылып, жүргізілмек. Алматы облысындағы әріптестеріміз республикалық маңызы бар барлық трассалар мен елді мекендерден шығатын жолдарға қала шекарасынан бес шақырым радиуста қосымша блок-бекеттер қойды. Бұл – облыс тұрғындарына қаланың жабылғаны туралы ескерту үшін жасалған. Коронавирус індетінің шегі жоқ. Пандемияға төтеп берудің жалғыз жолы – таралу тізбегін тоқтату. Қаланы жабу – сондай шараның бірі ғана. Қалада жұқтыру ошағы анықталған аймақ бірден оқшаулауға алынады. Қала мен көршілес облыс тұрғындарының назарына тыныштықты сақтап, белгіленген ережені сақтайық дегім келеді. Сабыр сақтап, шыдамдылық танытайық. Бұл қиындықты бірге еңсерейік, – деп жазды қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы